Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар облысы БММ және БӨМ педагогтарының сындарлы пікірталасы
24-08-2016 02:11
Павлодар облысы БММ және БӨМ педагогтарының сындарлы пікірталасы
2016 жылғы 23 тамызда Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің залында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде оқушыларды патриоттыққа, азаматтылыққа, төзімділік сана-сезімі және көшбасшылыққа тәрбиелеу» тақырыбында педагог кадрлардың тамыз мәжілісі шеңберінде Павлодар облысының БММ және БӨМ қосымша білім беру педагогтары секциясының семинары өтті. Тамыз мәжілісінің негізгі мақсаты – орынды негізделген педагогикалық инновацияларды, педагогтардың шығармашылық ізденісін ынталандыру.IMG_2231 Семинар жұмысына Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Качиры, Шарбақты аудандары, Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларының БММ және БӨМ жетпістен аса педагог қатысты. Жұмыс барысында білім беру үдерісінде тәрбие жиынтықтарын күшейту, қосымша білім беру мазмұнын одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырылып, талқыланған болатын. IMG_2297Семинарда Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 БММ, № 2 БММ, № 3 БММ, Кенжекөл ауылындағы БММ, Баянауыл ауылының БӨМ, Ертіс ауылындағы БӨМ педагогтарының баяндамалары тыңдалып, шеберлік сағаттары өткізілді. Құрманғазы атындағы № 1 БММ директорының ОӘЖ орынбасары Е.Н. Прокопенко семинар қатысушыларына құттықтау сөз сөйлей отырып, бүгінгі оқылған баяндамалар тақырыптарынан өздеріне қызықты әрі пайдалысын алуға шақырды.IMG_2253 Баяндамашылардың тақырыптарында жеке тұлғаның кәсіби дамуы, бәсеке ортасын құру, азаматтылыққа тәрбиелеуде тиімді әдістерді қолдану, балалардың музыкалық білімінің мазмұнын одан әрі жетілдіру және инновациялық даму проблемалары қозғалған. Қорытындылай келе, қатысушылардың талқыланған мәселелердің өзектілігі және республикамыздың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру және дамыту саласында музыка білімін дамытудың жолы туралы ой-пікірлері тыңдалды.