Павлодар облысы БММ және БӨМ педагогтарының сындарлы пікірталасы
Семинар жұмысына Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Качиры, Шарбақты аудандары, Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларының БММ және БӨМ жетпістен аса педагог қатысты. Жұмыс барысында білім беру үдерісінде тәрбие жиынтықтарын күшейту, қосымша білім беру мазмұнын одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырылып, талқыланған болатын.
Семинарда Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 БММ, № 2 БММ, № 3 БММ, Кенжекөл ауылындағы БММ, Баянауыл ауылының БӨМ, Ертіс ауылындағы БӨМ педагогтарының баяндамалары тыңдалып, шеберлік сағаттары өткізілді. Құрманғазы атындағы № 1 БММ директорының ОӘЖ орынбасары Е.Н. Прокопенко семинар қатысушыларына құттықтау сөз сөйлей отырып, бүгінгі оқылған баяндамалар тақырыптарынан өздеріне қызықты әрі пайдалысын алуға шақырды.
Баяндамашылардың тақырыптарында жеке тұлғаның кәсіби дамуы, бәсеке ортасын құру, азаматтылыққа тәрбиелеуде тиімді әдістерді қолдану, балалардың музыкалық білімінің мазмұнын одан әрі жетілдіру және инновациялық даму проблемалары қозғалған. Қорытындылай келе, қатысушылардың талқыланған мәселелердің өзектілігі және республикамыздың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру және дамыту саласында музыка білімін дамытудың жолы туралы ой-пікірлері тыңдалды.
