І халықаралық «Ғажап арал» конкурс-фестиваль Санкт-Петербург қаласында 2016 жылғы шілде айының 3-нен 7-і аралығында өтті. Конкурсанттар «Жастар сарайы» концерт залының сахнасында өнер көрсетті. І халықаралық «Ғажап арал» конкурс-фестивалінде Ресей және жақын шетелдің түкпір-түкпірінен талантты балалар қатысты. Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушысы Ангелина Король «Эстрада вокалы» номинациясында 3-дәрежелі лауреат атанды. І халықаралық «Ғажап арал» конкурс-фестивальге әр елден қатысушылар келді: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Саха Республикасы (Якутия), Оленёк ауылы, Ставрополь өлкесі, Пятигорск қаласы, Перм өлкесі, Пермь қаласы, Чайковский қаласы, Югра Ханты-Мансийский автономды округ, Нижневартовск қаласы, Красноярск қаласы, Екатеринбург қаласы, Брянск қаласы, Оренбург қаласы, Архангельск қаласы, Тверь қаласы, Великий Новгород қаласы, Ульяновск қаласы, Красноярск қаласы, Саратов облысы, Энгельс қаласы, Воронежск облысы, Коротояк ауылы, Мәскеу облысы, Подольск қаласы, Мурманск облысы, Гаджиево қаласы, Астраханск облысы, Ахтубинск қаласы, Вологодская облысы, Чарозеро ауылы, Рязанск облысы, Шилово кенті, Санкт-Петербург қаласы және Ленинград облысы, сондай-ақ, Беларусь Республикасы, Минск қаласы. Конкурс-фестивальдің қатысушылары Петербургте тәжірибе алмасу, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен айналысатын құрбыларымен танысу үшін жиналды. «Ақ түнімен» елге әйгілі Петербург түнінде қатысушылар, көрермендер және қазылар алқасының мүшелері көпке дейін естен кетпес достық қарым-қатынаста қимастықпен қоштасты.