«Сириус» траекториясында музыка әлемімен кездескенше!
Құрманғазы атындағы № 1 БММ «Сириус» лагерінде өткізілген іс-шаралар тәрбие міндеттерін іске асыру жөніндегі жұмыстың түрлі нысандарын көрсетеді: - жалпыадами және ұлттық құндылықтарды игеру үшін жағдай жасау;
- баланың эстетикалық сапасын дамыту, жеке тұлғаның мәдени құндылығын қалыптастыру;
- балаларды еңбек қызметі мәдениетіне тәрбиелеу;
- балалардың жас ерекшелігіне қарай жағымды, қолайлы жағдай жасау;
- денсаулығына жауаптылықпен қарауды қалыптастыру;
Балалар «Маскарад» қорытынды іс-шараға дайындала отырып, киімдерден түрлі әдемі маскалар, фантастикалық гирляндаларды, таңғажайып коллаждарды әзірледі, бұл олардың әртістік, көркемдік, музыкалық мүмкіндіктерін танытады, себебі, музыка оларды іске асыру үшін рух беріп отырды. Балалар караоке-клубпен қоштаса тұрып, әсерлі әндерін орындап шықты, әндерді жаттай отырып, ән айту дағдыларын игеру үшін қажетті білім ала білгендері үшін super-ата-аналар-музыкантшыларға алғыстарын жеткізді. Қолдан жасалған бұйымдармен безендірілген залда тамаша конкурстар, музыкалық викториналар, би сайыстарымен мерекелік іс-шара өтті. Қорытынды мерекеде балалардың шығармашылық жағынан талантты екендерін тағы бір мәрте байқатты. Балалар достасып қалған бір-бірімен қимай қоштасты.
