Батырлықтың шыңында.
Әр адамның бойында Отанына деген сүйіспеншілік әрқалай пайда болады. Бүгін мектеп жанындағы «Сириус» профильді лагерьдің балалары мен ересектері туған қаламыздың көшелерін аралай жүріп, көркейіп, өзгергенін аңғарды.
Өтіп бара жатқан адамдар біздің ұйымдаса бірге қызықтап жүргенімізге қарап күлімсірейді. Тамаша әндете бастасақ, аналарымен қыдырып жүрген кішкентай бөбектер қолдарын көтеріп, былғап та қояды. Бойыңды өз қалаңа, еліңе деген мақтаныш сезімі билейді.
Экскурсиямыздың мақсаты – әскери даңқ мұражайына бару. Мұражайдың айналасындағы саябақта зеңбіректер, блинжаж және траншеялар салынған. Белгісіз солдат ескерткіші жанында суретке түсу балалардың есінде қалады. Витрина және стендтерде қару үлгілері, фотосуреттер, кітаптар, құжаттар, ардагерлердің өмірбаяндары мен наградалары, портреттері, Павлодар облысы ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасы ІІМ ІІҰК органдарының пайда болу тарихы туралы ақпараттары бар 1000 аса мұражай экспонаттары орналасқан.
Балалар ҰОС жылдары қазақстандықтардың ерлігі туралы іштен тынып тыңдай отырып, экспонаттары бар стендтерді қарастырды. Еліміздің патриоты болу – әр адамға үлкен мақтаныш.
Қазақстанның тарихи өткенімен танысу балалар жүрегіне патриоттық сезім, түсінік ұялатты