Қарақшылар Құрманғазы ат. №1 БММ мектеп жанындағы жазғы профильді лагерін басып алмақшы болды. Бірақ, қарақшылардың лагерьді басып алу әрекеті сәтсіз аяқталды. Кәрі теңіз қасқырлары бір көзді Крюк және ақсақ Джек балаларға көп сынақтар дайындады. Әр бала теңіз саяхатына қызығушылықпен кірісті: қарақшылардың әндерімен, ойындарымен танысты, қарақшылар сәндеушілері конкурсына қатысты, шапшаңдылыққа, ойлап табуға бағытталған тапсырмаларды орындады. Барлық командалар жақсы нәтижелер көрсету үшін еденге жатып –тұру, жүгіру , сөзжұмбақты шешуге арналған тапсырмаларды орындауға шығармашылық қасиеттерін қосты. Конкурстық ең қызық әрі тартысты сайыстарының бірі- арқан тарту. Қарақшылар мерекесінің аяқталар кезде шоколадтан жасалған тиынға толы үлкен сандықтың келуі үлкен әсер қалдырды. Қарақшылар тәтті қазыналарды мерекенің барлық қатысушыларына таратты.