Міне, екі жыл қатарынан маусым айында Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде оқушылардың концерттік тәжірибесі өтуде. Ең басты мақсат – баланың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.
Күн сайын №1 БММ есігі барлық келушілерге: жалпы орта мектеп оқушыларына, балабақшаларға айқара ашық.Музыка мектебінің ұстаздары және оқушылары балаларды музыка мәдениетімен, әр түрлі музыка аспаптарымен, музыка жанрларымен таныстырады.
Музыка мектебіндегі әрбір концерт – бұл, дарынды жас әртістермен, ұлы композиторлардың туындыларымен танысу, жаңа және барлығына таныс әндерді тыңдап, бірге шырқау мүмкіндігі. Байқалып тұрғандай, концерт қонақтары – оның қатысушылары: балалар үшін конкурстар, викториналар, турнилар өткізіледі. Әрбір концерт - таңғайып музыка әлеміне саяхат жасау. Әртістердің көз жауын алатын киімдері, аспаптарда асқан шеберлікпен ойнау, орындаушылардың әуезді шырқауы көрерменнің қызығушылығын арттырып, концерт басталғаннан кеш аяқталғанға дейін назарын аударады.
Оқушылардың концерттік тәжірибесі балаларға музыка саласы жайындағы қызығушылықты арттыру үшін қажетті жағдайларды жасайды. Балалардың көпшілігі музыка мектебіне алғаш келіп домбыра, гитара, саксофон, әдемі дауыстарды естігеннен кейін музыка әлемін тану үшін қайта оралады.