Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде Наурыз мейрамына арналған концерт өтті. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа өмірдің бастауы. Бұл күн шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналып, ежелден құт-берекені, туысқандық бірлікті көрсетеді, жасампаздыққа, рухани тазаруға, мейірімділікке түрткі болады.
Кеш бойы мектептің концерт залы музыкалық аспаптардың дыбысы (домбыра, баян, гитара, саксофон, фортепиано) мен балалардың сыңғырлаған дауысына толы болды. Мерекелік концертті Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» музыкасымен жетекшілер К.М. Ермекбаев және Н.Б. Кайшанов бастаған қазақ халық аспаптарының оркестрі ашты. Жеке орындаушылар бітірушілер – домбырашылар Салтанат Шапиева, Олжас Бейсаров, Айхан Аубакиров «Қазақ күйлерінен құрастырылған попурриде» аккордеонда, маримба, домрада ойнауда өз шеберліктерін көрсетті. Орыс халық аспаптарының оркестрі көтеріңкі көңіл-күймен «Ш.Қалдаяқов әндерінің тақырыбына попурри» орындады, жетекшісі И.В. Кузякин. Рояль үні кәсіби және ұлттық нақышта шықты. Диана Рудишева қазақтың халық әні «Япурайды» орындап берді.
Саксофоншылар ансамблі, жетекшісі Е.М. Лысова, қобызшылар ансамблі, жетекші У.К. Жұмашева, «Кербез» домбырашылар ансамблі, жетекшісі Г.А. Абжанова көрермендерді музыкалық аспаптардың тамаша үнімен баурап алды.
Жеке орындаушылар және ансамбльмен ән айтудан оқушылар: Алина Кулбаева, Роман Новосельцев, Полина Петрова, Аделя Жунусова, Әйгерім Исханова, Дария Бекеннің өнерлері концерттің бояуын келтірді. Кеш соңында орта буын сыныптары хорының орындауында, жетекшісі О.В. Андрющенко, Г.М. Қасқырбаеваның сүйемелдеуімен Б. Аитованың өңдеуіндегі «Наурыз, біздің әніміз!» А. Жайымовтың әні шырқалды.
Талантты жас музыкантшылардың өнері, мәнерлеп орындау, жарқыраған костюмдер концертке келген бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмай, мерекелік көңіл-күй сыйлады.