2016 жылғы 1 наурызда Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде Алғыс күніне арналған «Жақсылық жаса» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды Қазақстанда пайда болған жаңа мейраммен таныстыру, «алғыс күні» түсінігінің маңыздылығын ашу, балалардың бойында адами өзара қарым-қатынас және мәдени құндылықтарды дамыту үшін түсінігін қалыптастыру. Елбасы халық бір-біріне, оның ішінде, қазақтарға төзімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғыстарын айтатын күнді Алғыс күні деп жариялауды ұсынды. Бұл күнге 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылған күн болғандықтан, таңдау жасалды.
Алғыс күні мерекесі қазақ халқына және барлық этностардың бір-біріне қолдауы арқасында бірлесе бастан кешкен қиындықтар туралы жалпы тарих, естелік негізінде көп ұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту мақсатында енгізілген болатын. Іс-шаралар соңында Алғыс марафоны өткізілді. Даярлық сыныбында Аналарға алғыс айту күні мерекесі өтті.