2016 жылғы 11 ақпанда Құрманғазы атындағы №1 БММ –нің жоғары санатты, фортепиано сыныбы бойынша қосымша білім беру педагогы Светлана Степановна Камкинаның 4-сынып оқушысы Карина Халимонмен ашық аттестациялық сабағы өтті. Ашық сабаққа мектептің бөлім меңгерушілері, әдістемелік кеңес, аттестаттау комиссиясының мүшелері қатысты. Сабақтың тақырыбы: «Білім алушыларды конкурстарға дайындау». Сабақты жоспарлауда үлкен әдістемелік даярлық өткізілді. Жас ерекшеліктерін ескере отыра, орындаушының эстрадалық дайындығын бағалау критерийлерінің арнайы кешені іріктелген болатын. Сахнада өзін-өзі ұстау жағдайын реттеу мақсатында, психологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану негізделген. Балалар бойында концерттер және конкурстарға тәрбиелеудің мысалдары келтірілді. Көрнекі құрал материалдары пайдаланылды. Сабақ кәсіби деңгейде, эмоционалды, әсерлі өтті. Оқушыға үнемі көңіл бөлініп, ол да өзінің жұмысқа қабілеттілігін көрсете білді. Негізгі мақсатқа қол жеткізілді – бұл, орындаушылық тәжірибеге көрермендер алдында табысты өнер көрсетуге түрткі болатын тренингтер кешенін енгізу қажеттілігі. Педагог Светлана Степановна Камкинаның еңбегі жоғары бағаға лайық.