Шегі жоқ конкурс
Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі атынан 2-сынып оқушыларымен сольфеджиодан «бейнесабақ» ұсынылған болатын. Мектеп педагогы Эльвира Геннадьевна Кощук сабақ барысында заманауи компьютерлік технологиялардың игерілуін айтып, музыкалық-теориялық цикл пәндері материалдарын жеткізуде шығармашылық әдіс-тәсілдерін көрсетті. Конкурстық іріктеу нәтижесінде «бейнесабақ» І дәрежелі дипломмен марапатталды. Біз Эльвира Геннадьевна Кощук және оның оқушыларын мақтаныш тұтамыз!
