№ 1 БММ 19 қарашада №43 ЖОМ оқушыларымен «Даланың ғажайып үні» лекция-концерті педагог И.В.Валеевамен өткізілді. Балалар қазақ халқының ежелгі өнер түрімен – музыкалық аспаптарда ойнаумен, Қазақтың музыка өнерін дамытуда маңызды ролі болған композитор-күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбетпен танысты. Балалардың назарына күйлердің жеке, ансамбль, оркестрде орындалған бейне жазбалары ұсынылды. Құрманғазының - «Серпер», «Адай», «Сары-Арқа» күйлері ойналды. Құрманғазы күйлерінің жалынды, қызуқанды музыкасы бір де бір тыңдаушыны селсоқ қалдыра алмады. Тәттімбеттің күйлері - «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сары Жайлау», Дәулеткерейдің «Қос-Алқа» күйі – ерекше саздылығымен, айырықшаланады, табиғаттың сұлулығын, әйелдің сұлу бейнесін бейнелейді. «Сары-Арқа» күйінің ғажайып үні клипта орындалған кездесуді аяқтады. Клипті жасаушылар бір жарым минутта біздің астанамыз –Астананың барлық әсемдігін көрсетті. Күйлер біздің республикада тұратын барлық халықтардың түрлі аспаптарында орындалады. Кездесу ұмытылмас әсер қалдырды және тыңдаушыларға жарқын эмоционалдық сезім мен алғыстарын көрсетті.