Павлодар қаласының Құрманғазы ат.№1 балалар музыка мектебі негізінде 11 қарашада өнер және балалар музыка мектептерінің қосымша білім беру мекемелерінің облыстық координациялық Кеңесінің мәжілісі өтті. Мәжілісті «Кешен «дарынды балаларға арналған музыкалық колледж–музыкалық мектеп-интернат» ММ директоры, кеңестің төрағасы В.П. Денисенко ашты. Отырыстың аумағында 2015-2016 оқу жылына жаңа қабылдау мәселесі қарастырылды, конкурстық шаралардың қорытындылары тұжырымдалынды, Кеңестің ғылыми-практикалық конференцияларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Орындаудың тақырыбы өнер және балалар музыка мектептерінің заманауи кезезеңдегі оқу-әдістемелік жұмыстарының негізгі бағыттарына байланысты, кеңейтілген мәселелерді қамтыды, облыстағы қосымша білім беру перспективалары қарастырылды. Конструктивті әңгіме құрылды, облыстық координациялық Кеңесінің 2015-2016 оқу жылына жоспарлары белгіленді.