5 тамызда №1 БММ –нің профильдік лагерінде «Денсаулық Күні» өтті. Ертіс өзені жағалауына серуенге шығу- балаларды су қауіпсіздігіне үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Осы шаралар міндеттері,оқушыларды күнделікті салауатты денсаулыққа: шыдамдылыққа, ептілікке, үйлесімділікке және өз денсаулықтарының құндылығын сақтау үрдісі мен спорт түрлеріне баулу болды. Мереке жалпы мектеп флешмобымен ашылды. Жиналыс кезінде балалар шараның өткізу рәсімдерімен, жол ережесі және су қауіпсіздігінің нұсқауларымен толық хабардар болып танысты. Белгіленген жерге келгеннен кейін, эстафеталық жарыстар өткізу ұсыныстары қабылданды. Оқушылар доппен ойнау, тез шешім қабылдау, өз командасының жауаптылығын орындауды үлкен құмартушылықпен қабылдап орындады. Әділ де, қызықты күрестен кейін: 1 топ «Голливуд», 2 топ «Қыран» және 4 топ «Динамит» командалары жартылай финалға шықты. Әрі қарай балаларды топқа бөліп көкке шығарып серуендеу, туған жер табиғатын тамашалау ұйымдастырылды. Мереке соңында ересек балалар және педагогтар арасында спорт ойындары: футбол (ерлер командасы), волейбол (аралас команда) жарыстары өтті. Ең кішкентай қатысушылар бадминтон және пионербол ойындарымен жарысты. Күн бір тыныста өтті. Мерекелік көңілді және қуат қоры мен денсаулық қорын әрбір шараға қатысушы өзімен бірге ала кетті.