Жұлдызды жаз.
Құрманғазы атындағы№1 балалар музыка мектебінің оқушылары үшін жаз айы өте қызықты, әрі жарқын сәттерге толы болды. Маусым айының 28 мен 7-сі аралығында Бурабай демалыс үйінде «Орман ертегісі» атты лагерінде балалар тамаша демалып, «Алтын дән» атты балалар шығармашылығының I Республикалық фестиваль-конкурсына қатысты. Фестиваль жоғары кәсіби деңгейде өтті. Барлық сайысқа қатысушылар біздің қаламызды Республикалық деңгейде көрсете алды. Жеңімпаздар қатарында домбырашылар ансамблі: Гран-При «Кербез» жетекшісі - Г.А. Абжанова, I орын – кіші топ домбырашылар ансамблінің жетекшісі - Д.Б. Қуанов, сонымен қатар жеке орындаушылар: Гран-При -Мөлдір Утетилеуова, 1 орын - Сайдағали Әнел, II орын- Айшат Бахытова мен Серик Балжан, III орын -Иранова Динара. Н.Б. Қайшанов, К.М. Ермекбаев пен Г.А. Абжанова «Үздік педагог» дипломына ие болды. 2015 жылдың 14-15 шілде айының аралығында қобыз және эстрадалық вокал сыныбы оқушылары конкурс эстафетасын қабыл алды. Сайыс халықаралық жобада «Когда мы вместе» атты символикалық атауымен Қара теңіз бойындағы Пицунда қаласында өтті. Біздің оқушыларымыз өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді. Жеңімпаз лауреаттар: II орын – Петрова Полина (эстрада вокалы) педагогі Н.Г. Кабурнеева және Исамбаева Тамила (қобыз) педагогі Г.З. Тезекбаева, концермейстері И.Б. Петрова, III орын – Егамкулова Зарина (қобыз) педагогі Г.З. Тезекбаева, концермейстері И.Б. Петрова. Сайыстан тыс күндері Санкт-Петербург институтының профессоры Е.Цой балалар мен ұстаздарға мастер класс өткізді.Сонымен қатар көңілді жарыстар мен түрлі ойын-сауық кешінде әр елден келген әртүрлі ұлттың балаларыныңбасының бірігуі «Когда мы вместе» атты сайысының аталуына лайықты болды.Біздің де ұстаздарымыз көңілден тыс қалған жоқ. Өздерінің кәсіби шеберлігі үшін Г. З. Тезекбаева, Н. Г. Кабурнеева «Үздік жетекші» ,И. Б. Петрова «Үздік сүйемелдеуші» дипломдарына ие болды. Осы өткен «Жұлдызды жаз» балалардың өмірін жарқын көңілді шуаққа бөлендіріп, жаңа жеңістер мен белестер шыңына жетуге талпыныс берді.