Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Туған мектеп әуені
15-06-2016 09:00
Туған мектеп әуені

14 маусымда Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде бітіру кеші өтті. Мерекелік концерт бойы бітірушілерге үлкен өмірге қадам басу жайындағы жылы сөздер, құттықтау-тілектер айтылды. Концерт залының табалдырығын аттаған кезде шарлар мен гүлдердің көптігін көріп, «Мектеп вальсі» әуенінің орындалуын естіген сәтте мерекелік көңіл-күйді сезуге болады. Смокинг киген балалар және керемет әдемі көйлек киген бойжеткендер естен кетпес мектеп жылдарына арналған қабырға газеттерін қызыға тамашалады. Салтанатты кеш мектеп директоры Ольга Леонидовна Бобровскаяның құттықтау сөзімен басталды. Кеш бойы жас дарынды кәсіби-музыканттарды даярлаған ұстаздарға жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды. Мектеп бітірушілерінің орындауындағы музыкалық құттықтаулар шынайлық пен мейірімге толы болды. Мектеп ұстаздары Иван Вячеславович Кузякин, Евгений Николаевич Сазонов және Константин Сергеевич Макаровтар сахнаға шыққан кезде көрермендер зор ықыласпен қошемет көрсетті. Мерекелік кештің екінші жартысында мектеп бітірушілер көрермендерге заманауи музыкалық шоу көрсетіп, концерт басқаруды өз қолдарына алды. Балалардың осынша дарындылығы және әртістілігі таң қалуға тұрарлық. Әрбір оқушы өзін басқа қырынан танытып, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Ұстаздардың бала күндеріндегі суреттерден жасалған бейнефильм көрермендер үшін тосынсый болды. Олардың әрбіреуі бала күндегі естелікке, алаңсыз бақытты балалық шаққа қайта оралғандай күй кешті. Кеш соңында мектеп бітірушілері залдағы бір де бір адамды бейберекет қалдырмайтын финалдық әнді орындап шықты. Балаларды алда ересек өмір, жаңа арман, жаңа жеңістер күтіп тұр. Бірақ музыка мектебі, ондағы өткізген жылдар әрбірінің жадында мәңгілікке қалады. Себебі, туған мектеп есігі олар үшін әрдайым айқара ашық .