Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жаз – ол кішкентай өмір
21-08-2015 08:19

Жазғы демалыс – әр баланың өміріндегі көп тосатын уақыт. Бұл сауық-сайран, толық демалатын, көңілі толатын кәсіппен еркін айналасуға болатын кез. Құрманғазы ат. №1 БММ жанында ата-аналардың балаларына сауатты демалуын ұйымдастыруға көмектесетін, «Сириус» мектеп лагері көп жылдан бері жұмыс істейді. Жазғы мектеп лагерінде бала отбасынан алыстамайды, педагогтардың қарамағында қызықты істермен айналысады. Бұл қызықты уақыт өткізуге, өзін түсінетін достарымен, педагогтармен еркін араласуға, түрлі шараларға бірге қатысатын жер. Біздің лагердің өмірлік істерінің ерекше сипаттылығы әр балаға жеке келіспен қарау, оның ісінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке ала отыра ұйымдастыру болып табылады. Осы жылы мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын екі ауысымда жүргізді. Бірінші ауысым 15 маусым мен 26 маусым; екінші ауысым– 3 тамыз бен 14 тамыз аралығында өткізілді. Екі ауысымды лагерьде 220 дан астам 6-14 жас аралығында балалар демалды. Жұмыс тәрбиелік қызмет жоспарына сәйкес ұйымдастырылды және келесі бағыттармен жүргізілді:театралдық және көркем сурет студиясы, хор тәрбиесі, оркестрлік қызмет, баспасөз-орталығы, флешмоб, интеллектуалды-танымдылық ойындары , спорттық жарыстар. Лагерь күнделікті линейкадан басталып отырды, онда жүргізілетін тапсырмалар құрылып отырды. Линейкадан соң 10-15 минуттық таңертеңгілік гимнастика болады. Оның физикалық даму және шынықтырудан басқа негізігі маңызыдылығы – ұнамды эмоционалдық заряд пен жақсы шынықтыру тонусын, күндікке сергектіктілікте болдыру. Педагогтар ұжымымен балаға қызықты боларлық, оның денсаулығы мен қауіпсіздігінің мүддесіне түрлі танымдылық, шығармашылық, ойын-сауық, педагогикалық шаралар дайындалды. Таза ауадағы ширақтылық ойындары өзіне дене шынықтыру элементтерін енгізген: жүріс, жүгіру, секіру, олар баланың дамуына жылдамдылық, көндігулік, шапшаңдылық секілді денені шынынықтыру сапасына, ал ұжымдық ойындар – достыққа, төзушілікке тәрбиелеуге әсер етеді. Спорт шараларын, серуендеу, экскурсиларды өткізерден бұрын ЖЖЕ және техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Балалар сондай әсерлілікпен театралды қойылым-музыкалық ертегілерге, өздерінің актерлік шеберліліктерін көрсете қатысты; қабырға газетін, берілген тақырыпқа суреттер жасауға шығармашылықтарын қолдана жасады. Хорда бірге ән айту, музыкалық аспаптарда ойнаудың негізімен танысу, әсерлі композициямен флешмоб – балаларға ұжымдық шығармашылықтарының рухани ынтымақтылығын, бірлігін сездірді. Профильдік лагерьде шығармашылық жобаларды (практикалы-хабардар жоба «Атадан Мұра»; интелектуалды-танымды жоба «Музыкалық көкжиектер»; танымдылық-зерттеме жоба «Музыка және Уақыт»; музыкалы-сахналық жоба «Қиялшылдар»; инновациялы-білім беретін жоба «Әуеннің шоқжұлдызы»; музыкалық-білім беретін жоба «Ертегілік лаборатория») жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Түрлі жобаларға қатыса отыра, балалар шығармашылықпен ойлауға, стандартсыз шешім қабылдауға үйренеді. Көптеген тақырыптық күндер өткізілді. «Нептун күні» «Теңіз соғысы» қызықты ойынымен есте қалды, онда балалар су тапаншаларымен қаруланып соншалықты рақаттылықпен бірін бірі сумен атқылап ойнады. «Үндістер күні» қызықты да әсерлі өтті. Таңертеңнен балалар үндіс кейпіне оранды, әрбір топ үнді ұрандарын ұсынды. Бұл күні ойындар мен конкурстар өткізілді. Қызылтерілер командасы жолдарында қауіп-қатер тұратын саяхатқа шықты. «Үнділер» теңіз жүзушілері мен алғашқы ашушы нағыз пираттармен қақтығысты. Потанин ат. өлкетану мұражайы мен «Райса» мода театрына саяхат өте танымды болды.. Концерттер – біздің мектеп лагері қызметінің негізі. Ұзақ жылдан бері қала мектептерінің лагерлеріне: «Жаз қызығы», «Өнер әлеміне саяхат», «Музыкалық аспаптар туралы ертегі», «Бірге ойнау көңілді», «Ғажайыпқа жарты сағат», «Музыкалық калейдоскоп», «Музыкалық әткеншек», «Әуен және ырғақ», «Музыка бізді қосқан», «Апельсинді жаз», «Жазғы қиялдар», театралдық қойылым «Екі қызыл телпек және сұр қасқыр», «Бір жанұяда» ұлттық жаңарту мектебімен бірлескен концерт және т.б. концерттік шаралар өткізілді. Мектеп жанындағы лагерьдің әрбір есеп беру концерті ұмытылмас концертттік нөмірлерін, театралдық қойылымдарды, шығармашылық сайыстар калейдоскобын ұсынып отырды. Мектеп жанындағы лагерьдегі осы жаз балалардың өмірлеріне жарқын бейне, көңіл күй толтыратын, жаңа жеңістермен көтерілістерге ұмтылдыратын ұмытылмас естелік қалдырады.