Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің үрмелі аспаптар бөлімінің оқушылары Латиф Хамиди атындағы ІІ халықаралық конкурсына қатысты. Конкурс 2017 жылғы 19-21 сәуір аралығында Семей қаласында өтті.
Конкурс қорытындылары бойынша музыка мектебінің 6 және 5 сынып оқушылары Қайыржан Архат және Домарь Эдуард І дәрежелі дипломант атанды. Оқушыларды дайындаған педагог Олег Леонтьевич Гонтовой «Орта жас ерекшелік топта 45 конкурсқа қатысушы болғанына қарамастан, біздің балалар жеңіске жетті»,- деді. Биылғы жылы конкурсқа 500 аса бала қатысты. Біздің оқушылар өнер көрсеткен оркестр бөлімі номинациясында қазылар алқасының төрелігімен екі шығарма ұсынылған болатын, олардың бірі қазақстандық композитордың пьесасы болды, бастысы қазақ ұлтының музыкасы.
Қазылар алқасы, үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының аға оқытушысы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның докторанты Олеся Викторовна Нестерова павлодарлық үрмелі аспаптарда орындаушылардың техникалық дайындық деңгейінің жоғары, жарқын, қызықты бағдарлама екенін атап өтті.
Жеңістің сыңғырлаған дауысы