Павлодар қаласының білім беру бөлімі 27-28 сәуірде Құрманғазы атындағы № 1 БММ үлкен концерт залында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Алтын бұлақ» VIІ қалалық фестиваль-конкурсын өткізді. Іс-шараның мақсаты – балалар хорында ән айтуды сақтау, қолдау және дамыту, вокал өнері саласындағы талантты балаларды іздеу.
Фестивальге Павлодар қаласының музыка мектептерінің 280 білім алушы құрамында хор және вокал музыкасының хор ұжымдары мен музыка мектептерінің жеке ән айту бөлімінің оқушылары қатысты. Екі күн бойы концерт залы балалардың сыңғырлаған дауыстарына толы болды (28 жеке ән орындаушы, 7 хор ұжымы, 3 вокалды ансамбль). Жас дарындылар өз шеберліктерін көрсетіп, ең керемет аспаптардың сүйемелдеуімен өнер көрсетті.
№ 1 музыка мектебінің «Жоғары сынып оқушыларының хоры» тыңдаушылардың жүректерін жаулап алды, жетекшісі Ксения Владимировна Миронец, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников. Ұжым Н.Римского-Корсакованың «Не ветер, вея с высоты», И.Лученок «Майский вальс» шығармаларын керемет орындады. Конкурсқа қатысушы вокалшылар өздерінің шығармашылық әлеуетін толық көрсетіп, дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Орындау нәтижелері бойынша 25 жүлделі орын белгіленді. Жеке орындаушылар арасында «эстрадалық вокал» номинациясында І дәрежелі лаурет атанғандар: № 2 БММ оқушылары Фомин Игорь, Шоканова Даяна, Терликбаева Алуа, педагогы Анжела Николаевна Король, № 1 БММ оқушысы Каркада Анастасия, педагогы Анжела Николаевна Король, № 3 БММ оқушысы Дорожкина Дарья, педагогы Шолпан Каирлыевна Сарсенова.
Хор және вокал музыкасының мерекесі