Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалық шақтың музыкалық құбылысы
30-05-2017 08:25
Балалық шақтың музыкалық құбылысы

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 29 мамырда балаларды қорғау күніне арналған есеп беру концерті өтті. Концерт өзгеше қорытындылар шығару және мектеп оқушыларының жетістік көрсеткіштері болып табылады.
Концертке мектеп оқушылары және көркемөнер ұжымдары қатысты. Түрлі-түсті шарлар, балалардың сыңғырлаған күлкісі – мұның бәрі керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концертті республикалық конкурстың лауреаты «Серпер» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі ашты, жетекшісі Нұрлан Бақытұлы Қайшанов. Оның орындауында Р.Бейсенұлының «Қолбасшы» туындысы шырқалды. Жазғы көңіл-күй туралы әнімен құттықтап Усина Нұрай өнер көрсетті. Жарқын құбылыс, музыкалық нөмірлер түрлі бояулармен және сан қырлылығымен ерекшеленді – домбыраның терең күмбірлеген дауысы саксофонның нәзік үнімен алмасты, орыс халық аспаптар оркестрі және мектептің орыс халық аспаптар бөлімінің педагогтар ансамбілінің шын жүректен орындаулары мен ұрмалы-үрмелі аспаптардағы қобыз бен рояльдың әсерлі үндері, балалардың жарқын дауыстары мен хорда орындалған бірегей шығармалары керемет шықты. Көрермендер үрмелі аспаптар ансамбілінің өнерлерін тыңдағанда өз сезімдерін жасыра алмады, жетекшісі Евгения Михайловна Лысова. Олардың орындауларында атақты Бобби Хеббаның «Sunny» шығармасы шырқалды. Ересек хордың орындауында И.Берлиннің «Рutting on the Ritz» джаз туындысын орындады, жетекшісі Ксения Владимировна Миронец, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников, ұрмалы аспаптарда Александр Александрович Андрющенко және А. Абдинуровтың «Киелі Отан» әсерлі туындысы бүкіл залда отырғандарды біріктіріп, достық хоры шырқалды.
Мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская: «Музыка мектебі алдымен кереметті түсінетін және сезінетін адамдарды тәрбиелеуге шақырады. Концерттік өнер көрсетулер, конкурстар мен фестивальдерге қатысу – бұл жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқушыны шығармашылық жағынан дамытуға және өзін-өзі кәсіби анықтауына мүмкіндік береді», - деп санайды.