9 маусымда Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде бітіру кеші өтті. Мерекелік концерт бойы сахнадан жылы сөздер, құттықтаулар, тілектер, бітірушілердің үлкен өміріне тілектер айтылды.
Концерт залының табалдырығынан аттағаннан бастап мерекелік атмосфераны сезуге болады: шарлардың, гүлдердің көптігі және байқалмай ойнап тұрған «Мектеп вальсі». Смокинг киген ұлдар және ерекше үлпілдек көйлек киген қыздар қуанышты мектеп жылына саяхат жасайтын қабырға газеттеріне ерекше қызығушылықпен қарады.
Салтанатты кеш мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровскаяның жаңа шығармашылық табыстар және ақ жол тілеуінен басталды. Кеш бойы сахнадан дарынды жас кәсіби-музыканттарды тәрбиелеген мектеп педагогтарына алғыс айтылды. Мектеп бітірушілерінің орындауындағы музыкалық құттықтаулар ерекше тазалық пен жылулыққа толы болды. Көрермендер мектеп педагогтары Иван Вячеславович Кузякин және Евгения Михайловна Лысаованы зор қошеметпен қарсы алды.
Мерекелік кештің екінші бөлігінде бітірушілер басқару жолын қолдарына алып, көрермендер назарына заманауи музыкалық шоу ұсынды. Оқушыларымыздың қаншалықты дарынды, әрістік қабілетінің жоғар екені таң қаларлық. Әрбір бітірушінің өзін жаңа қырынан танытуға, өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндігі болды. Барлық көрермендерге мектеп педагогтарының тілек білдірген бейнефильмі тосын сый болды.
Кеш соңында бітірушілер залды әрбір көрерменді бейжай қалдырмайтын қорытынды өлең айтты. Балалардың алдында –жаңа өмір, жаңа армандар және жаңа жеңістер. Бірақ музыка мектебі, онда өткен жылдар әрбіреуінің есінде қалары сөзсіз. Себебі, туған мектеп есігі олар үшін әрдайым ашық.
Туған мектеп әуені