Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің «Сириус» мектеп жанындағы бейінді лагерінің оқушылары облыстық М.Катаев атындағы оқушылар сарайына «Приключения братца Лиса и братца Кролика» ертегісін көруге барды. Спектакль алдында оқушылар сахна сыртында мектеп оқушылары Ким Людмила және Ядрышникова Алинамен кездесті. Қыздар өздерінің қойылымға қатысатындарын мақтанышпен және абыроймен айтты, басқа да жас актерлер спектакль алдындағы өз сезімдерімен бөлісті.
Сосын мектеп оқушылары жарыстарда және шеберлік сағаттарда, «Твой мир» газетінің редакторымен, «Свет звезды» вокал студиясының жетекшісі, аэрография шебері, спорт станцияларының нұсқаушысымен кездесуде ұсынылған барлық ұсыныстарға қуана-қуана қатысты. Театр және бейнелеу өнері әлемімен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік берген, көтеріңкі көңіл-күй мен жазғы демалыстың шығармашылық атмосферасын сыйлаған «Сириус» лагеріндегі бір күн осылайша өтті.
Ғажайып ертегілер патшалығында