Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Нептун күні
29-06-2017 05:06
Нептун күні

Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі жанындағы «Сириус» балалар лагері – сауығу және толыққанды демалу ортасы. Лагерьде болған уақытта тәрбиеленушілер мәдени және шығармашылық тұрғыда дамиды, ұжым өміріне белсенді араласады, конкурстарға және басқа шараларға қатысады. Бірақ үлкендер мен балалар ерекше күтетін мереке бар. Ол Нептун күні.
Ескі аңыздарға сәйкес Нептун ылғи теңіз түбінен су астын мекендейтін жандармен бірге шығатын. Заманауи балалар арасында бұл кейіпкер танымалдылығын жоғалтпаған. Біздің балалар теңіздер мен мұхиттар патшасы Нептунның келуін асыға күтті. Оның басындағы тәжі мен қолындағы асатаяғына дейінгі көгілдір мантияға оралған мүсіні балаларды ерекше қошеметпен қарсы алуға шақырды. Теңіз патшасы су перілерінен тұратын жолдастарымен көрінді. Қызықты көріністен кейін теңіз тобына танымал блокбастердің кейіпкері Джек Воробей қосылды. Теңіз жиһанкезі қайсар теңіз жүзушілеріне рақымшылығын көрсету үшін Джек, көмекшілері «қарақшылармен» балалармен бірге эстафеталық жарыс ұйымдастырды. «Переливайка», «Палуба жуамыз», «Теңіз жібі» және «Шторм» деп аталатын әртүрлі кезең-станциялар балалар мен үлкендерге қуаныш сезімін сыйлады. Одан әрі мереке экваторды алғаш рет қиып өтетінлер үшін қызықты қабылдауға ұласты. Даярланған суға толған тапаншалар және қолдан жасалған су атқыштарды алып қарақшылар істі бастады.
Барлық қатысушылар жақсы әсер мен көңілді көңіл-күйге бөленді. Мерекеге қатысқан ата-аналар отряд басшыларына алғыс білдірді. Осылайша, ІІІ-отрядтағы Вероники Тумигинаның анасы өткізілген іс-шараға тәнті болды: «Жақсы әсер және балалық шақтағы сезім үшін алғыс айтамын! Жазғы мектеп жанындағы лагерьдегі балалардың уақытын қамтуларыңыз жоғары бағаға ие. Ұқсас мерекелер жағымды психологиялық климаттың қалыптасуына әсер етеді. Тіпті жаз уақытында да ақыл, шығармашылық, физикалық қабілеттерді дамытып, ұжымдылық, жолдастары үшін жауапкершілік сезіміне баулисыздар».