Ғажайып әлем қиял және шытырмансыз мүмкін емес! Бүгінгі күн біздің балаларға М. Катаев атындағы оқушылар сарайында орналасқан планетарийге саяхатпен есте қалды. Павлодар қаласында жұлдызды аспанға жақын жер – зауыт тұрбалары мен телемұнараның көрме алаңы емес, ол қаламыздағы танымал объектілерінің бірі қуатты телескобы бар астрономиялық обсерватория. Ғимарат жобаланған кезде, архитекторлар басында керемет имарат жоспарлаған болатын. Обсерватория күмбезі ғимаратқа орнатылды, айналдырып және бетін ашатын механизмдер жөнделді, телескоп негізі жасалды. Бірақ маңызды астрономиялық құрылғыны сатып алу жылдап қалып отырды. Тек 2014 жылы Павлодар қаласы Еуразиялық топпен ғылыми-техникалық бағытты дамыту үшін демеушілік көмек көрсету туралы меморандумға қол қойды. Бұл уақыттан бастап павлодарлық балаларда ғимараттың екінші қабатында орналасқан өз планетарийі пайда болды.
Планетарий 360 градуста көрінетін, 3D суреттерді көруге арналған көзілдірікті кимей-ақ шынайылық сезімін құратын сфералық кинотеатр тәрізді. Жайлы креслоға жатып, дәл көз алдыңда өзінің шынайылығымен таң қалдыратын туынды көрінеді, сенің үстіңнен динозаврлар аттап, жан-жағыңда балық жүзіп, галактиканың туындайтын ортасына тап боласың. Обсерваторияда орналасқан «Meade LX600-ACF» басты он алты дюймдық американдық телескоп, байқау үшін ғана емес, сондай-ақ, астрофототүсіруге де арналған. Келешекте ол жасанды серіктерді байқау үшін халықаралық ғылыми бағдарламаға да қосылуы мүмкін. Егер телескоп аспанның берілген бөлігіне бұрылатын болса, онда күмбездің басы да онымен бірге бұрылады. Күмбез қызбайды, себебі сапалы бақылау үшін телескоптың температурасы даладағы ауа температурасына сәйкес келуі керек – астрофототүсіру кезінде күмбез бос болады (адам жылықанды жан ретінде кедергі келтіруі мүмкін). Обсерваториядан басқа бұл жерде ауа райыс станциясы, арнайы компьютерлік қамтамасыз ету, сонымен қатар, телескоптардың кең таңдауы, оның ішінде күнді бақылауға арналған. Бұл оптика көмегімен балалар жұлдыздарды бақылады. Біз дәл осындай әлемге авиатор-әңгімелеушімен бірге әуе экипажының мүшелері ретінде тап болдық. «Сириус» мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері басқа қызықты планеталар, галактика және физикалық құбылыстар тураплы қызықты ақпарат алды, ертегі қаһармандарының барлық планеталарына барып, жұмбақ шешіп, туған Жер планетасына қайта оралды.
Жұлдыздарға жақынырақ