Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жаз – керемет жыл мезгілі!
01-08-2017 11:08
Жаз – керемет жыл мезгілі!

Жаз – керемет жыл мезгілі! Сабақтан демалатын, жаңа күш жинап, жақсы көңіл-күй кешетін уақыт.
 Бүгін, 2017 жылғы 1 тамызда Құрманғазы атындағы № 1 БММ «Сириус» мектеп жанындағы бейінді лагері өзінің екінші маусымын ашты.
 Салтанатты линейкада күн тәртібімен, мектеп жанындағы лагерьдің ережесімен және тәртібімен, отрядтардың басшыларымен таныстырылды.
 Үш отрядтың әрқайсысы командирін таңдап, атауын, эмблемасын, ұраны мен әндерін ойлап тапты. Балалардың бір-бірін жақын тануына «Келіңіз, танысайық!» ойыны көмектесті.
 Мектеп педагогтары лагерьдегі демалыстың әр бала үшін қызықты да, жан-жақты болуы үшін бағдарлама ойластырып, іріктеп алды. Ойын түрінде олар қажетті білім алып, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау өнеріне үйренеді, өздеріне жаңа таланттар мен қабілеттер ашады. Біздің мектеп жанындағы лагерьге келген балалардың іштері пыспайды!
 Алғашқы күннен бастап балалар театрландырылған жобада, Караоке-клубы конкурсында шығармашылық мүмкіндіктерін сынады, қарындаштары мен бояуларын бейнелеу студиясында өздерінің музыкалық өнерлерін көрсетті.
Күн спорттық эстафетамен аяқталды. Біздің ойындарымызда жеңімпаздар мен жеңілгендер жоқ. Бәрі жеңеді. Ең бастысы – өмірдің әр сәтіне қуана білуге үйренеді.
 Біздің «Сириусс» мектеп жанындағы лагері – бұл жаңа достар табу, көңілге қонымды іс табуға, бойына күш-қуат, энергия жинау және керемет көңіл-кү сыйлау мүмкіндігі.