Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Үлкен теңіз саяхаты
03-08-2017 08:37
Үлкен теңіз саяхаты

Әрбір адам өмірінде бір рет болсын капитан көпіріне барып тұрғанды армандайды. Біздің лагерь балалары бүгін өз армандарын жүзеге асыра алды. Олар «Үлкен теңіз саяхаты» квест-ойынының қатысушылары атанды.
 Балалар түрлі қызыққа толы және белгісіз аралдары бар саяхатқа шықты. Әрбір аралдың өз сыры бар. Балалар сол құпияларды зерттеп-тануы қажет болды. Саяхатта үлкендер және балалар түрлі конкурстар, жарыстар, викториналарға қатысты.
 Су ойындары болмайтын жаз мезгілі бола ма? Отрядтар арасында нағыз теңіз шайқасы орнады. Шайқаста ешкім зардап шеккен жоқ, себебі балалар су тапаншалары және пластик бөтелкелерден жасалған құрылғылардан су шашып ойнады.
 Бұл қызықты күн су дискотекасымен аяқталды. Малмандай су, бірақ көңілі жайдары балалар мен педагогтар би билеп жазғы күннің шуағында киімдерін құрғатты.
 Үйге кетіп бара жатып, «Бүгінгі күн қандай тамаша!» деп таңданды.