Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сәлеметсің бе, музыка!
22-09-2017 10:34
Сәлеметсің бе, музыка!

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі үлкен тату-тәтті отбасына жаңа оқушыларды қабылдай отырып, жас дарындар үшін өз есігін айқара ашты.
 Алуан шоқ гүлдері бар балалар мен ата-аналар қобалжып, құштарлана сиқырлы музыка әлеміне қадам басты.
Мерекелік концертті «Серпін» домбырашылар ансамблі, жетекшісі Нұрлан Бақытұлы Қайшанов Құрманғазының «Адай» күйін орындап бастады. Концерттің әрбір нөмірі жас музыканттарды түрлі аспаптармен таныстырды. Сахнадан қобыздың әуезі мен рояльдің еліктірер әуенін, гитара шектерінің үйлесімін, кернейдің жарқын дыбысы мен баянның сезім билеген сыңғырын есту мүмкіндігі болды.
Жеке және ансамбльмен ән айту бөлімінің оқушылары барлық балаларға бақытты балалық шақтың жарқын көңілін сыйлады. Бекмұрат Әділ, Усина Нұрай және Рудик Янаның орындауында «Отан-Ана», «Нарисуй свой мир», «Мы дотянемся к звездам» әндері шырқалды. Концерттің ерекше нөмірлерінің бірі болып мектеп педагогтарының «Back Beat» джаз квартетінің өнер көрсетуі болды. Олардың орындауында Antonio-Carlos Jobin «The girls from Ipanema» туындысы шырқалды. Керней, соло және бас гитара мен ұрмалы орнатулардың еліктірер үні концертке келген әрбір көрерменді бейжай қалдырмады.
Биыл мектепке қабылдауға үлкен конкурс болды. 250 оқуға түсушінің 125 оқушысы оқуға қабылданды. Мектеп контингенті 6-дан 17 жасқа дейінгі жастағы 500 баланы құрайды. Оқыту 14 мамандық бойынша жүргізіледі (фортепиано, скрипка, домбыра, қобыз, гитара, домра, баян, кларнет, флейта, саксофон, керней, ұрмалы аспаптар, вокал). Биыл алғаш рет мектепте қазақтың ұлттық аспабы жетігенде ойнауға үйретеді.
«Жаңа оқу жылы – жаңа шығармашылық жеңіс, жарқын концерттер жылы басталды. Біздің музыкалық мектеп әрбір жас дарын үшін татулық, әрбір бала үшін жылы қарым-қатынас және қолдау табылатын екінші үйіне айналады деп сенеміз», - деп атап өтті, мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская.