Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Үрмелі және соқпалы!
22-09-2017 10:40
Үрмелі және соқпалы!

Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі қаладағы және облыстағы ескі музыкалық оқу мекемесі болып табылады. Мектебімізде аспаптар «мол», балалар үлкен қызығушылықпен ойнайды. Үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің дауыстары «зор» саналады. Нұрлан Бақытұлы Қайшанов басшылық ететін бөлімде 8 педагог жұмыс жасайды, алты мамандық бойынша 56 оқушы білім алады: ұрмалы аспаптар, флейта, блок-флейта, кларнет, саксофон, керней. Қаланың барлық музыка мектептері арасынан біздің мектебімізде ғана балалар керней және ұрмалы аспаптарда ойнай алатынын атап кеткен жөн.
Осы оқу жылында мектепте жаңа ұрмалы аспаптар кабинеті заманауи музыкалық аспаптармен безендірілген және жинақталған. Балалардың маримбофон, ксилофон, ұрмалы орнату, сандық фортепиано сияқты аспаптарда ойнау мүмкіндігі бар. Жас, талантты педагогтар: Андрющенко Александр Александрович (ұрмалы аспаптар), Макаров Константин Сергеевич (керней), Лысова Евгения Михайловна (саксофон) жұмыстың жаңа нысандарын белсенді енгізеді, балалардың шығармашылық ойын дамытады, қала және облыстың әр түрлі алаңдарында өнер көрсете отырып, балаларға жеке мысал көрсетеді.
Бөлім оқушылары облыстық және республикалық конкурстар, халықаралық фестивальдердің жеңімпаздары мен лауреаттары болып табылады. «Джеликс» саксофоншылар ансамблі– қалалық бірнеше жас музыканттар конкурстарының лауреаттары (I-орын), Домбровский Шандор (ұрмалы аспаптар) – қалалық жас музыканттар конкурсының лауреаты (I-орын), Қайыржан Архат және Домарь Эдуард (саксофон) – Л.Хамиди атындағы халықаралық конкурсының лауреаттары (I-орындар).
Түлегіміз, Еркенов Сұлтан (саксофон) – Испанияда өткен фестиваль-конкурсының лауреаты (III-орын), 48-ші облыстық жас музыканттар конкурсының лауреаты (I-орын), қазіргі уақытта оқуын «Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған мектеп-интернат кешені» ММ-де жалғастыруда.
Бүгінде балалар мен ата-аналар тарапынан үрмелі-ұрмалы аспаптарды үйренуге зор қызығушылық байқалады. Педагогтарымыздың шығармашылық әлеуеті жеткілікті деңгейде биік. Бұл музыкалық білімнің классикалық дәстүрінен алшақ кетпейтін, балалардың музыкалық аспаптарда ойнауына оқытуға жаңа идеялар қосуға дайын және ниет пен күшке толы кәсіпқойлар.