Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Асқан шеберлік
31-10-2017 11:31
Асқан шеберлік

Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің фортопиано бөлімінде 2017 жылғы 30 қазанда каникулдың бірінші күнінде «Жас шебер» мектепішілік этюдтар конкурсы өтті. Конкурстың ұйымдастырушысы және жүргізушісі бөлім педагогы Елена Александровна Попова.
 Этюдтарды меңгеру – кез келген музыкантты дамыту үшін аса маңызды. Этюдтың техникалық қарым-қатынасында көптеген қиындықтар бар, бірақ олар фортопианоның терең дыбыстарын ашатын әуендерге толы.
 Конкурстың мақсаты - Карл Черни, Генрих Бертини, Герман Беренс, Карл Альберт Лешгорн, Корнелиус Гурлитт сияқты авторлардың инструктивті этюдтарының жанрларын паш ету.
 Жас пианистер меңгерген техникалық әдістерін, дыбыс шығару, нақты және динамикалық икемділік дағдыларын көрсетті. 2-6 сынып оқушылары өз шеберліктерімен жарысқа түсті. Конкурсқа қатысушылар өздерінің үздік музыкалық-орындаушылық қасиеттерін көрсетіп, көрермендерді жарқын, эмоционалдық өнерлерімен таң қалдырды.
 Конкурсқа қатысушыларды қолдау үшін ата-аналар, достары, педагогтар, бөлім оқушылары келді. Іс-шара шығармашылықта, мейірімге толы ортада өтті, барлық қатысушылар мен қонақтар жағымды эмоциялар, одан әрі шығармашылық өсуге қуат алғандай болды.
 Конкурс қорытындыларын қазылар алқасы құрамындағы басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Алтынай Нұрымжанқызы Әкімханова, фортопиано бөлімінің меңгерушісі Светлана Степановна Камкина және Светлана Леонидовна Рябовол шығарды. Конкурс жеңімпаздары Құрмет грамоталарын иеленді.
 Конкурс қорытындылары:
І орын - Садвокасова Айым 2-сынып, Жумкешова Малика 3-сынып, педагогы Светлана Леонидовна Рябовол.
ІІ орын - Арасланова Зарина 4-сынып, педагогы Айнұр Тоқтарбекқызы Мұсатаева, Мейрамова Даяна 4-сынып, педагогы Мира Борисовна Зверева, Халимон Карина 6-сынып, педагогы Светлана Степановна Камкина.
ІІІ орын - Байкенов Бекзат 2-сынып, педагогы Айнұр Тоқтарбекқызы Мұсатаева, Ушкова Виктория 4-сынып, педагогы Светлана Леонидовна Рябовол, Қуантай Дария 5-сынып, педагогы Наталья Васильевна Ерисова.
Конкурс біздің мектептің жарқын оқиғасы, әрі педагогтардың тәжірибе алмасу алаңы мен жалпы фортопианоны бағалайтындар үшін нағыз мерекеге айналды.