Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жұлдызды жапырақтар»
13-11-2017 11:03
«Жұлдызды жапырақтар»


Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің өміріндегі жарқын оқиғасы мектеп тәрбиеленушілерінің «Жұлдызды жапырақ» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының 4 республикалық фестиваліне қатысуы болды. Конкурс ұйымдастырушылары - «Никитина М.М.» ЖК, «Dionis» вокал-эстрада студиясы және «21 DAY» бағдарламасы.
Таңертеңнен бастап «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылық орталығы мерекелік көңіл-күйге толы болды: көптеген шарлар, гүлдер, балалардың сыңғырлаған күлкісі. Барлық қатысушылар сахнаға шығу алдында толқыды. Бірақ та, сахна киелі ғой! Кәсіби дайындық, педагогтар мен ата-аналардың қолдауы, мұның бәрі жас қатысушыларға сенімділік ұялатты.
Аталған конкурс Қазақстанда музыка, би және театрландырылған шығармашылықты қолдау және дамыту мақсатында өткізілді. Оның негізгі міндеттері: дарынды балалар мен жастарды қолдау, мәдени әлеуетті сақтау және дамыту, мәдениаралық байланысты дамыту, жас таланттарды ұлттық мәдениет пен өнердің үздік бейнесіне баулу, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттері мен гармониялық құрылуына ықпал ету.
Конкурста қазақ ұлттық аспаптар, жеке және ансамбльде ән айту, шекті аспаптар және фортопиано бөлімдерінің оқушылары мектебіміздің намысын қорғады. Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі ұсынған конкурсқа қатысу туралы 29 өтінімнің барлығы жүлделі орындарды иеленді. 14 – Гран При. 8 – І орын, 5 – ІІ орын, 2 – ІІІ орын.
Конкурс-фестивалінің Гран Приін жеңіп алған «Матрёшки» әнімен «Фантазёры» тобының өнері жетекшісі Юлия Вадимовна Захарчук «Мелодия Надежды» номинациясында конкурстың ажарын аша түсті.
Мектептің барлық шығармашылық топтары қазылар алқасының ең жоғары бағасын алғанын атап өткен жөн. Әрқайсысы өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай Гран При иеленді: «Серпін» жетекшісі Гаухар Арғынқызы Әбжанова және «Қоңыр саз» қазақ ұлттық аспаптар ансамбльдері жетекшісі Берік Кошанбайұлы Ишанкулов, «Гварнери» шекті ансамблі жетекшісі Наталья Викторовна Захарчук.
Мектебіміздің барлық 29 қатысушысы жүлделі орындарды иеленді. 14 – Гран При. 8 – І орын, 5 – ІІ орын, 2 – ІІІ орын. Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің толық және сөзсіз жеңісі!
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға шабыт, шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!