ГККП«Детская музыкальная школа № 1 им.Курмангазы» отдела образования г.Павлодара, акимата г.Павлодара
г. Павлодар, ул. 1Мая, 33
300764, 300763, 300761 е-mail: dms1k@mail.ru
Вернуться на главную страницу отдела образования
За год2599913
За месяц298406
За неделю60598
Вчера11529
Сутки723
Вальс әлеміне қызықты саяхат
14-11-2017 17:33
Вальс әлеміне қызықты саяхат

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 7 қарашада «Ұлы мәртебелі – вальс» дәріс-концерті өтті. № 43 жалпы білім беру мектебінің 4-сынып оқушылары мен педагогтары балалар филармониясының қонағы болды.
 Дәрісті теориялық пәндер бойынша педагог Ирина Леонидовна Краснощекова өткізді. Оқушыларға жанрдың құрылуы мен даму тарихы, вальстің пайда болған сәтінен бастап заманауи бальдық биге дейінгі ерекшеліктері туралы материалдар ұсынылды. Оқушылар 19 ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі белгілі вальстерді жазған композиторлардың есімдерімен танысты. Жүргізуші мазмұны терең, әрі бейнелі сөзге бай түрлі заманның би көріністері бар слайдтар пайдаланған. Балалардың назарына Ф. Шопен, А. Грибоедов, П. Чайковский, Е. Доги, Л. Хамиди, Г.Свиридов сияқты ұлы композиторлардың туындыларынан бейне-метариалдар ұсынылды.
 Дәрісте оқушылар музыкалық туындыларға сипаттама беруге, өзіндік байланысқа белсене қатысып, ортақ бөліктер мен айырмашылықтарды тапты, музыкалық туындыларға және олардың орындаушыларымен байланысын көрсетті.