Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Туған жер - алтын бесік» мерекелік концерт
04-12-2017 02:36
«Туған жер - алтын бесік» мерекелік концерт

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде 2017 жылғы 29 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған «Туған жер - алтын бесік» мерекелік концерті өтті. Концертке қонақтар, мектептің оқушылары, ата-аналар, педагогтар қатысты.
Мерекелік концертті жоғары сынып оқушыларының хоры ашты, жетекшісі Миронец Ксения Владимировна, концертмейстерлері Дмитрий Станиславович Масленников, Александр Александрович Андрющенко. Олардың орындауларында Әліби Әбдінұровтың «Киелі Отан» әні жоғары дәрежеде және салтанатты түрде орындалды, «Чатаннуга Чу-Чу» әні мінсіз шырқалды. «Қоныр саз», «Серпін» домбыра ұжымдары толық музыкалық калейдоскоппен бірін-бірі алмастырды. Олардың орындауларында А.Райымбергеновтың «Секіртпе», К.Ахмедьяровтың «Күткенде» туындылары шырқалды. Музыканттардың жарқын орындаулары, керемет костюмдері сахнада мерекені ерекше түрлендіргендей болды. Концерт жүргізушілері, мектептің тәрбиеленушілері Отан, әлем, халықтар достығы туралы тақпақтар оқыды.
Қазақ және орыс халық аспаптарынан жинақталған оркестірлердің орындауы концерттің шарықтау шегіне айналды, дирижерлері Ермекбаев Куаныш Мейрамович, Кузякин Иван Вячеславович - Нурлан Бакытович Кайшанов ұсынған «Балалар өлеңдері тақырыбындағы поппури», концерт Құрманғазының «Балбырауын» күйін салтанатты орындалуымен аяқталды.
Осындай концерттер патриоттыққа, Отанға, музыкаға деген махаббатқа тәрбиелеуге мүмкіндік береді.