Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Көктем мерекесі және жаңарту
26-03-2018 16:27
Көктем мерекесі және жаңарту

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жандануы, жаңа өмірдің басталуы. Бұл күн шығыс күнтізбесі бойынша көнелік берекені, ағалық бірлестікті білдіреді, жаңаруды, адамгершілік тазаруды, қайырымдылық күні деп саналады.
Кеш бойы мектептің концерт залы музыкалық аспаптардың үніне (домбыра, қобыз, гитара, саксофон, фортопиано) және балалардың сыңғырлаған дауыстарына толды.
Мерекелік концертті орыс ұлттық аспаптар оркестрі ашты, жетекшісі Иван Вячеславович Кузякин. Олардың орындауларында Шәмші Қалдаяқов әндерінің поппурилер шырқалды.
Бірінші сынып оқушыларынан құралған хор «Мистер Жук» және «Рахмет саған Отаным» әндерін тамаша орындады жетекшісі Айнура Омиржановна Ошанова, сүйемелдеуші Марина Юрьевна Бойко.
Саксофоншылар ансамблі, жетекшісі Евгения Михайловна Лысова, қобызшылар ансамблі, аспаптардың және балалардың әдемі әуенімен көрермендердің жүректерін жаулап алды (жетекшісі Макпал Сагымбаевна Мекежанова), домбырашылар ансамблі (жетекшісі Нурлан Бакытович Кайшанов), ер балалар хоры (жетекшісі Юлия Вадимовна Захарчук).
Мектеп педагогы Павел Иванович Генненің орындауындағы Л.Аланның «Огонь сердца» пьесасы концерттің жарқын сәнін келтірді.
Мерекелік концертті республикалық конкурстардың лауреаттары, «Серпін» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі, жетекшісі Гаухар Аргыновна Абжанова Нұрғиса Тілендиевтің «Жекпе жек» күймен аяқтады.
Талантты жас музыканттардың өнерлері мәнерлі шықты, жарқын костюмдері мерекелік концерттің сәнін келтіріп, керемет әсер қалдырып, концертке келген бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмады.