Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің залы балалардың сыңғырлаған дауыстарына толы болды.
26-27 сәуір күндері мектеп қабырғасында Павлодар қаласының 80 жылдығына арналған қаланың музыка мектептерінің жеке ән айту бөлімі оқушылары мен хор ұжымының VIII қалалық «Алтын бұлақ» фестиваль-конкурсы өтті.
Сахнада 240 қатысушыдан аса 7 хор ұжымы өнер көрсетті: бірінші сыныптар хоры, орта сыныптар хоры, хор сыныбы, № 1 балалар музыка мектебінің ер балалар хоры (жетекшілері Виолетта Юрьевна Бубнова, Юлия Вадимовна Захарчук, концертмейстерлері Явгения Яковлевна Гуйо, Марина Юрьевна Бойко, Дмитрий Станиславович Масленников); № 2 балалар музыка мектебінің орта сыныптар хоры, жоғары сыныптар хоры (жетекшілері Салтанат Тасбулатовна Кисатова, Гульнафис Толеубековна Макышбаева, концертмейстері Марина Петровна Белоус); № 3 балалар музыка мектебінің орта сыныптар хоры (жетекшісі Дария Мухамед-Канапияновна Исаева, концертмейстері Ольга Дмитриевна Седых).
Хор ұжымдарының барлық жетекшілері қатысқандары үшін алғыс хаттар алды.
Вокалшылар конкурсы үш жас ерекшелік категориясында және екі номинацияда өтті: академиялық және эстрадалық вокал. Кіші жас ерекшелік топқа балалар музыка мектептерінен 9 оқушы қатысты. Қазылар алқасы Сафина Алиясова, Валерия Синицина, Веста Токатованың өнерлерін ерекше атап өтіп, І орынды берді. «Академиялық вокал» категориясында кіші жас ерекшелік топта Ескендір Бегали өнер көрсетіп, ІІ орынды иеленді.
Орта жас ерекшелік топ қатысушылары (12 қатысушы) эмоциялық, дыбысты жақсы жеткізіп, әртістік өнерлерімен есте қалды. І орынды Анель Акильбекова, Алина Анцифирова, Милана Богатыренко иеленді.
«Академиялық вокал» категориясында орта жас ерекшелік топта Алина Анциферова, Милена Диппель өнер көрсетіп, ІІ және ІІІ орынды иеленді.
Ансамбльдік орындау категориясына № 2 балалар музыка мектебінің екі ұжымы ұсынылған болатын: трио, жетекшісі Наталья Викторовна Процкая; вокал ансамблі, жетекшісі Гульнафис Тулеубековна Макышбаева, ІІІ және ІІ орынды иеленді.
Конкурстың жоғары тобы (13 қатысушы) меңгерген дауыс шеберлігін, әртүрлі жанрлы және жан-жақты сипаттағы музыкалық туындыларды эмоционалдық жеткізе білу өнерін көрсетті. Дина Досанова «The villain Appear» әнін орындап, жүректі тебірентті, Янина Симчук И. Николаевтың «Там нет меня» әнін орындады, Толеубек Казбек В.Цойдың «Кукушка» әнін эмоционалды жеткізе білді, ал Алина Чичикова М.Садвокасованың репертуарындағы «Сүйген жүрек» әнін орындап, тыңдаушылардың жүректерін жаулап алды.
«Алтын бұлақ» қалалық конкурсы балалар музыка мектептерінің шығармашылық жетістіктер қоржынын жүлделі орындармен толықтырды: № 1 БММ – 14 жүлделі орын, № 2 БММ – 9 жүлделі орын, № 3 БММ – 2 жүлделі орын, БММК – 3 жүлделі орын.
Барлық конкурсқа қатысушыларды, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларды дайындаған педагогтарға шығармашылық табыстар мен үлкен жеңістер тілегіміз келеді!
«Мен, балалар айтатын дауыстан артық, керемет музыканы білмеймін»