2018 жылғы 3 мамырда Павлодар қаласының қалалық кітапханасында Жеңіс күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараға колледж және кадет корпусының оқушылары қатысты. Жүргізушілер Жеңіс күні туралы және еліміздің барша адамдары үшін киелі күн екенін айтты. Бүгінгі күні біздің жиналуымыздың себебі, соғыс жылдарының оқиғалары мен біз үшін жерімізді қорғаған адамдарды тағы бір мәрте еске алу. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің көптеген жерлестеріміз жоғары әскери марапаттар алды, кітапхана қызметкерлері біздің жерлестеріміз Совет Одағының Батырлары туралы дайындаған бейнепрезентация көрсетілді. Өмірден өткен ардагерлерді еске алып, бір минут үнсіздік орнады.
Рафаэль Махмеджанов 1989 жылдан бастап естелік вахтасы туралы жүргізіліп келе жатқан іздеу қозғалысы туралы айтты. Бұл жұмыс жастардың патриоттық рухын қолдау үшін аса қажет.
Соғыс және әндер... Ортақ не болуы мүмкін? Әндер солдатты соғысқада, демалысқа да шығарып салды.
Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары соғыс туралы әндерді орындады. Артем Дорошенко «От героев былых времен» әнін өте тебіренте орындады. Адиль Бекмураттың орындауында «День Победы» әні салтанатты және жарқын шықты.
Аталған іс-шара – бұл ұзақ, қан төгісте халықтың қайтпас қайсар ерлігін еске алуға арналған, сондай-ақ өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық сезімге тәрбиелеу: халқының нық тұруы үшін намысшыл болуға тәрбиелеу, Отанды сүюге және аға ұрпақты құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұрпақ байланысы – уақыт байланысы