Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінде «Сириус» бейінді лагерінің екінші ауысымының алғашқы күндері көңілді, әрі қызықты өтті. Ұйымдастырушылар балалардың өз құрдастарымен қызықты және пайдалы қарым-қатынас жасауы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануда. Балаларды «Заттардың екінші өмірі» жобасындағы жұмыстар өте қызықтырды, жетекшісі Ирина Владимировна Валеева, онда балалар қолдан жасалған материалдардан қызықты және қажетті әшекейлер, тұрмысқа қажетті заттар жасайды. Балалар үшін баршаға белгілі және сүйікті Оркестр аясында Иван Вячеславович Кузякин ұсынған «Баршаға арналған авангард» пилотты жобасы нағыз жаңалық болды. Ұлттық музыка аспаптарына (балалайка, домра, баян) балалар өз қолымен құмнан жасаған барабандар және сылдырмақтарды қосып, гонг отбасының шағын аспаптарында орындайды.
Дәстүрге айналған «Театрлы мозайка» музыкалық-театрлық жобасы, жетекшісі Юлия Вадимовна Захарчук пен Ирина Борисовна Петрова және жекшісі Гаухар Макеновна Каскырбаеваның «Артстудиясы» көркемдік-бейнелеу платформасы қатысушылар саны бойынша көш бастайтынына күмән жоқ.
Балалардың демалысын мазмұнды етуге танымдылық және ойын-сауық бағытындағы іс-шаралар көмектеседі – «Жаз ханзадасы мен Жаз ханшайымы», «Жұлдызды сәт», «Музыкалық фантазер», әр түрлі викториналар, жәрмеңкелер, флешмобтар мен т.б. Жалпы балалардың көңілінен шығатыны, ал ата-аналар балаларының бос уақыттарын керемет ұйымдастырғандары үшін риза болатынын ашық айтуға болады. Сириуста өткізген уақыттары рухани байытады, шығармашылық және танымдылық қабілеттерін дамытады. Бұл демалуға, күш жинауға және өзін көрсетуге таптырмайтын мүмкіндік.