Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінде «Сириус» бейінді лагерінде «Жаз ханзадасы мен жаз ханшайымы – 2018» конкурсы өтті. Конкурсқа 9 адам қатысты. Конкурсқа қатысушылардың әрқайсысы өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп, қазылар алқасына өздерінің таланттарын паш етуге тырысты. Конкурс ұйымдастырушылары ұсынған «Таңдаулы өнер», «Үй тапсырмасы», «Жұмбақтар» және «Шығармашылық көрініс» қатысушыларды басқа қырынан танытты. Балалар күрделі сұрақтарға білгірлік танытып, тапқырлықтарын көрсетті, бидегі шеберлікті, ән айтуда әртістік өнерлерін көрсетіп, сүйіп ойнайтын музыкалық аспаптарында ойнады. Қазылар алқасы, ата-аналар және шақырылған жанкүйерлер әр қатысушыға қолдау көрсетіп, конкурсқа қатысушыларды мақтан етті.
Нәтижесінде барлық қатысушыларға «Сенімді мырза», «Сүйкімді бикеш», «Жайдарлы бикеш», «Ерекше ханым», «Күш ханзадасы», «Еркіндік ханзадасы» номинацияларында грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді. Жеңіс «Адреналин» бірінші отрядының тәрбиеленушісі Адина Рыспаеваға бұйырды. Оның презентациясы мен көрсеткен өнері залдағы бейім жұртты таң қалдырды. Осындай іс-шаралар балаларды бақталастық сезімді сезінуге, отрядтардағы достық қарым-қатынасты бекітеді, дос болуды үйретуге тәрбиелейді.
Жаз ханзадасы мен жаз ханшайымы – 2018