Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сәлем, музыка.
03-09-2018 15:43
Сәлем, музыка.

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі өзінің үлкен тату отбасына жаңа қабылданып жатқан оқушыларға, жас дарындыларға есігін айқара ашты.
Жүректері тулаған және толқыған, құшақтары гүл шоқтарына толы балалар мен олардың ата-аналары музыканың еліктіргіш және сиқырлы әлеміне енетін мектеп табалдырығын аттады. Салтанатты линейка «Мен – өз елімнің патриотыммын» ұранымен өтті.
Мерекелік концертті халықаралық конкурстардың лауреаттары және мектебіміздің түлектері Бакытов Айшат және Аубакиров Айдос ашты, олардың орындауында «Тартыс» күйін шырқады. Концерттің әр нөмірі жас музыканттарды әр түрлі музыкалық аспаптармен таныстырды. Сахнадан тек скрипканың тулаған және рояльдың толқыған үні, гитара шектерінің үйлесімі мен домбыраның өткір үні естілді. Концерттің жарқын нөмірлерінің бірі скрипкашылар ансамблінің өнері, жетекшісі Ольга Владимировна Гагарина және мектеп педагогтарының джаз ансамблі, олардың орындауында қызықты «Самба» шырқалды. «Колибри» эстетикалық даму тобының жарқын өнері концерттің шарықтау шегіне айналды, жетекшісі Дарига Болатовна Аллахвердиева, олардың орындауларында «Первоклашки» әні шырқалды.
Биылғы жылы мектепке түсу үшін үлкен конкурс болды. 200 оқуға түсушіден 100-ден аса оқушы қабылданды. Мектеп контингенті 6-дан 17 жас аралығындағы 500 баланы құрайды. Оқыту 14 мамандық (фортепиано, скрипка, домбыра, қобыз, жетіген, гитара, домра, баян, кларнет, флейта, саксофон, труба, ұрмалы аспаптар, жеке дауыста ән айту) бойынша жүргізіледі.
Мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская «Жаңа оқу жылы басталды – жаңа шығармашылық жеңістер, жарқын концерттерге толы болатын жыл. Ол оқушыларға терең білім, есте қалар жаңалықтар әкелсін. Біздің музыка мектебіміз әр жас музыкант үшін үнемі түсіністік, жағымды қарым-қатынас пен әр балаға қолдау көрсететін екінші үйіне айналатынына сенгіміз келеді», - деп атап өтті.