Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Мерекелік ретро-концерт
04-10-2018 09:33
 Мерекелік ретро-концерт

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде Мұғалімдер күніне орай «Жүректен жүрекке» мектеп жобасы аясында «Бәрі де махаббаттан басталады...» мерекелік ретро-концерт өтті. Концертке мектептің және қаланың педагогикалық еңбек ардегерлері шақырылды.
Концерттің бағдарламасы жан-жақтылығымен және кәсібилігімен көрермендерді керемет көңіл-күй мен шаттыққа бөледі. Аспаптық ансамбльдің орындауында Антонио Карлос Жобимнің «Корковадо», Джордж Ширингтің «Колыбельная страны птиц», Джозефа Косманың «Осенние листья» тебірентерлік және ұлы туындылары шырқалды. «Извозчик» пьесасымен Олег Михайленконың өнері концертті жандандыра түсті, көрермендер оны ду қол шапалақтап қарсы алды.
Педагогтар Ксения Миронец, Виолетта Бубнова, Дарига Аллахвердиева, Анастасия Федунова, Регина Иванова, Ирина Петрованың орындауларындағы әрқайсына таныс және терең ойлы О. Фельцманның «Старые слова», А. Бабаджанянның «Не спеши», Л. Ошаниннің «А за окном то дождь, то снег», В Сидоровтың «Дружба» әндері, орыс халқының әндері тыңдармандардың жүректерін жаулап алды.
Стас Наминнің «Мы желаем счастья вам» әнін концерт қатысушылары бірге орындап, концертті керемет аяқтады. Мектептегі осындай концерттер дәстүрлі болып табылады, сол себепті көрермендермен қайта қауышамыз деп үміттенеміз.