"Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебі" МҚКК
Павлодар қ., 1 Мамыр көшесі, 33
300764, 300763, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Бір жылда2876161
Бір айда239972
Бір аптада35601
Кеше3089
Тәулік2806
Қала педагогтарына музыкалық сыйлық
11-10-2018 15:24
Қала педагогтарына музыкалық сыйлық

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары мен педагогтары 2018 жылғы 5 қазанда Мұғалімдер күніне арналған қалалық іс-шаралардың концерттік бағдарламасына белсенді қатысты.
 Естай атындағы ҚМС фойесінде қонақтарды «Серпін» домбыра ансамблі қарсы алды. Олар Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерейдің күйлерін орындады.
 «The Best» скрипкашылар ансамблі Е. Крылатовтың «Ожидание» туындысын орындап, тыңдармандарды таң қалдырды, жетекшісі Ольга Владимировна Гагарина, концертмейстері Ирина Борисовна Петрова. «Колибри» вокал тобы жастарының ашық та, сыңғырлаған дауыстары «Три кита» әнін орындап, залдың көңіл-күйін көтерді, жетекшісі Дарига Булатовна Аллахвердиева. Мектепте жас талантты педагогтар жұмыс жасайды, тыңдармандар үнемі олардың өнерлеріне тәнті. Айдын Ерболатович Карменов және Александр Александрович Андрющенко дуэтінің орындауында өте стильді және қазіргі заманға сай Кертис Чапман Стивеннің «I will be hear» әні шырқалды.