Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Мектептегі педагогикалық филармония жұмысы
31-10-2018 11:35
Мектептегі педагогикалық филармония жұмысы

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде педагог-музыканттар, оқушылар мен тыңдармандардың шығармашылық ынтымақтастығына негізделген қызметтегі педагогикалық филармония жұмысы белсенді жүргізілуде. Филормония қызметінің негізгі мақсаты: көркемдік-эстетикалық білім беруді және мектеп оқушыларын тәрбиелеуді дамытуға, тыңдармандар бойында адамгершілік пен эстетикалық тәрбиені қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Қызметтің міндеттері – музыка өнерін жақсы көрушілер ортасын кеңейту, мәдени ортаны қалыптастыру және оны жаңа мәдени оқиғалармен толтыру; мәдени кеңістік құру, әлемдік музыка классикасының үздік үлгілерін, педагогикалық концерттік орындаушылар арқылы ұлттық және эстрадалық өнерді насихаттау.
Мектепте «Жүректен жүрекке» жобасы жұмыс істейді, оның аясында қала тұрғындары үшін дәстүрлі түрде ретро стиліндегі концерттер өткізіледі. Мектеп педагогтарының орындауларында өткен жылдардың, заманауи композиторлардың жарқын туындылары мен классикалық музыканың үздік үлгілері шырқалады.
Біздің педагогтарымыз бен оқушыларымыз білім беру бөлімі ұйымдастырған әртүрлі қалалық іс-шараларда өнер көрсетеді. Қаланың мәдени мекемелерімен ынтымақтастық жүргізіледі: С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, П.Васильев атындағы қалалық кітапхана, Д.П. Багаев атындағы мұражай үйі және т.б. Филармонияда «Back Beat» аспаптар ансамблі құрылған. Ансамбль репертуарында тыңдармандар сүйіп тыңдайтын эстрадалық-джаз композициялары бар.
Филармония қызметіне педагогтар Ирина Борисовна Петрова, Марина Юрьевна Бойко, Александр Александрович Андрющенко, Константин Сергеевич Макаров, Нурлан Асылханович Игенбаев, Айдын Ерболатович Карменов, Иван Вячеславович Кузякин, Регина Владиславовна Иванова, Ксения Владимировна Миронец, Дмитрий Станиславович Масленников, Виолетта Юрьевна Бубнова, Берик Кошанбаевич Ишанкулов және т.б. белсенді қатысады.
Филармония қызметінің алдағы негізгі бағыттары жоспарлануда: балалар және жастар аудиториясына арналған концерттік, дәріс бағдарламаларын жасау; қаланың әртүрлі мекемелерімен көркемдік білім беру және эстетикалық тәрбие мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру; музыкалық мерекелер, тақырыптық концерттер, дәрістер, шығармашылық кездесулер мен басқа да іс-шаралар сценарийлерін әзірлеу.