Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің өміріндегі қызықты оқиғалардың бірі – тәрбиеленушілерінің «The best in Kazakhstan» республикалық эстрадалық вокал және хореография конкурсына қатысуы болды. Жеке ән айту және ансамбльде ән айту бөлімінің оқушылары вокалдық дайындық және сахналық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Конкурсты ұйымдастырушылар - «Assel production» шығармашылық орталығы, Павлодар қаласы.
Конкурстың мақсаты – жетекшілердің кәсіби шеберлігін арттыру, талантты жастарды олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруда қолдау. Фестивальге қатысу үшін шығармашылық ұжымдар, шағын нысандар, солистер шақырылды. Әр ұжым мен орындаушы 1 конкурстық композиция ұсынулары тиіс.
Қойылымдар келесі критерийлер бойынша бағаланды: дауыс ырғағы мен музыкалық құрылымның тазалығы, репертуардың қиындығы, музыкалығы, әртістік, тембрдің әдемілігі мен дауыс күші, репертуардың орындаушының мүмкіндіктері мен орындаушының жас ерекшелігінің сәйкес келуі, сахналық кеңістікте еркіндігі, нөмірдің композициялық құрылысы. Музыкалық нөмірлердің қызықты құрылымдары, балалардың таза дауыстары, абыржып орындаулары конкурсқа келген көрермендерді бей-жай қалдырмады.
Қазылар алқасының мүшелері шығармашылық еңбекті көп керек ететін педагогтардың жұмысы мен олардың оқушыларын жоғары бағалады. Гран-при жүлдесінің иегері атанғандар: Жандильдина Аделия және Рауш Арианна, 1-орын – Усина Дәния, Шаталова Лада, 2-орын – Ленинг Арианна, педагогы Ксения Владимировна Миронец, 2-орын – Дәуленбай Айман, педагогы Анастасия Вячеславовна Федунова.
Конкурсқа қатысу – бұл жарқын және естен кетпес әсер алу, балаларымызды одан әрі шығармашылық және кәсіби өсулеріне ынталандыру.
Музыка әлемінде тұрамыз