Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
04-12-2018 09:45
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі

Ағымдағы жылғы 26-29 қараша аралығында Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында теориялық пәндер бөлімінде педагог Ирина Владимировна Валеева «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» тақырыбында сынып сағаттар циклін өткізді. Фортопиано бөлімінде педагог Елена Александровна Попова «Менің елім – менің Президентім» интерактивті ойынын өткізген болатын. Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінде педагог Нурлан Бакытович Кайшанов «Елім деп соққан жүрегім» концертін өткізді. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты - оқушылардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамда ұлтаралық келісімді құрудағы маңызды рөлі, заманауи білімді және өркениетті қоғамды құрудағы Қазақстанның бірегей тәжірибесі туралы білімдерін жетілдіру.
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлының фотосуреттері мен өмірбаянының видеоматериалдары ұсынылған болатын. Жүргізушілер еліміздің мемлекет ретінде құрылуындағы Тұңғыш Президенттің тарихи тұлғасының рөлі туралы аса жылулықпен және мақтанышпен айтты. Балалар «Менің елім – менің Президентім» интерактивті ойынына аса қызығушылықпен қатысты. Іс-шара соңында «Махаббат және сыйластық шеңбері» рефлексиясы өткізілді: оқушылар қолдарынан ұстап, өз еліне және Президентке өздерінің тілектерін айтты. Концертте оқушылар Құрманғазы, Сүгір, Дәулеткерей күйлерін шертіп, қазақстандық композиторлардың музыкалық нөмірлері шырқалды. Кітапханада «Президент және тәуелсіз Қазақстан» көрмесі рәсімделген. Балаларды жалпы қамту 180 оқушыны құрады.