Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық жас музыканттар конкурсының үздік жеке орындаушысы
10-12-2018 14:22
Республикалық жас музыканттар конкурсының үздік жеке орындаушысы

Қазақстанның музыкалық мектептері мен өнер мектептерінің қатысушылары 2018 жылғы 24 қыркүйектен 30 қараша аралығында 51-ші қашықтық республикалық жас музыканттар конкурсында өз өнерлерін көрсетті.
Конкурсқа шамамен 150 жас музыкант қатысты. Қатысушылар келесі номинациялар бойынша өнер көрсетті – шекті-ысқы аспаптар сыныбы бойынша үздік жеке орындаушы, үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбы бойынша үздік орындаушы, шекті-ысқы аспаптардың үздік ансамблі мен үрлемелі және ұрмалы аспаптардың үздік ансамблі.
Құзыретті қазылар алқасы өнерлерін конкурстың орындау бағдарламасының талаптарына сәйкестігін, көркемдік орындау деңгейін, техникалық шеберлігін, көркемділігін және тазалығын, әсерлігі мен мәнерлігін ескере отырып, бағалады.
Барлық өңірлердің 30 жеке орындаушысы мен 10 ансамблі конкурс жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар қатарында Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары да бар. Олар үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбында жоғары нәтиже көрсетті. Орта топта Тимур Айтмагамбетов «Маримба, малый барабан» аспабы бойынша үздік жеке орындаушы атанды, педагогы Александр Александрович Андрющенко, концертмейстері Евгения Яковлевна Гуйо. Кіші топта «Флейта» аспабы бойынша Аружан Сейтказина ІІІ орынды иеленді, педагогы Людмила Дмитриевна Романова, концертмейстері Светлана Евгеньевна Педанова. Оқушылар Алин Давид, Домарь Эдуард, Ахмедзянова Наиля, Муратов Айтуар сертификаттар алды.
Конкурс «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің музыкалық дарындыларын қолдау мақсатында өтті. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.