Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық конкурстағы жаңа жетістіктер
01-03-2019 10:26
Халықаралық конкурстағы жаңа жетістіктер

«Жаһандық әлемдегі заманауи мәдениет» қоғамдық сананы жаңғырту процесі аясында Павлодар қаласының музыкалық колледжінде, музыкалық мектепте, облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылық орталығында 2019 жылғы ақпанның 23-27 аралығында «Silk Way»халықаралық конкурсы өткізілді.

Конкурсқа қатысушыларға арналған халықаралық фестиваль – бұл өзін, өз шеберлігін көрсету, кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігі. Конкурстық тыңдалымдарға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Литва, Әзербайжан, Грузиядан 8-22 жастағы 700 аса бала 9 номинация бойынша қатысты. Павлодар қаласының музыка мектебінде «Орыс ұлттық аспаптары», «Шекті-шертпелі» (домбыра, гитара, балалайка),  үрлемелі және ұрмалы аспаптар номинацияларында 200 аса конкурсқа қатысушының тыңдалымы өткізілді.

Музыка мектебінің оқушылары 12 жеке орындаушы және екі ансамбль санында «Үрлемелі және ұрмалы аспаптар», «Шекті аспаптар», «Қазақ ұлттық аспаптар» номинацияларына қатысты. Конкурс қорытындылары бойынша 7 оқушы жүлделі орын алды, оның ішінде І орынды 3 оқушы, ІІ орынды – 3 оқушы және скрипкашылар ансамблі, ІІІ орынды – 1 оқушы және домбырашылар ансамблі, 4 қатысушы конкурс дипломанты атанды.

«Қазақ ұлттық аспаптар» номинациясында І орынды Нұркен Айша (жетіген), педагогы Макпал Сагымбаевна Мекежанова, (домбыра) иеленді. Айша Г. Кульжанова өз әуенін көрсете отырып, әрлеген халық әні «Ақ көгершінді» орындады. Қаратай Нұрбол және Аубакиров Айдос, педагогы Куаныш Мейрамович Ермекбаев, концертмейстері Анна ВалерьевнаШубладзе Есбайдың «Бөгелек», Құлшар «Кербез керік» күйлерін, сахналық мәдениет пен көркемдік бейнелерді нақты шеберлікпен көрсете отырып орындады.

«Үрлемелі және ұрмалы аспаптар» номинациясында ІІ орынды Айтмагамбетов Тимур (маримба), педагогы Александр Александрович Андрющенко, концертмейстері Евгения Яковлевна Гуйо, «Қазақ ұлттық аспаптар» номинациясында Рақымберді Амира (домбыра), педагогы Майра Сыздыковна Сексембаева, Әбіл Дәрия (жетіген), педагогы Гульсая КайриденовнаМагазова, «Шекті аспаптар» номинациясында скрипкашылар ансамблі иеленді, жетекшісі Ольга Владимировна Гагарина, концертмейстері Ирина Борисовна Петрова.

«Қазақ ұлттық аспаптар» номинациясындаІІІ орынды Казбекпаева Асель (жетіген), педагогы Гульсая КайриденовнаМагазова, концермейстері Валерий Александрович Семикин, домбырашылар ансамблі, жетекшісі Майра Сыздыковна Сексембаева.

Багаев Нурамир, Утешова Томирис (домбыра), педагогы Майра Сыздыковна Сексембаева, Бейсенхан Толғанай (домбыра), педагогы Нурлан Бакытович Кайшанов, Хайдаров Эмир, Ахмет Жандос (саксофон), педагогы Оксана Олеговна Минаева конкурс дипломанттары атанды.

Конкурс-фестивалінің талаптары бойынша әр жас орындаушы бағдарламасына стиль және жанр бойынша орыс, қазақ, батыс еуропа композиторларының туындылары енгізілген.

Конкурс аясында педагогтармен және оқушылармен халық әртісі, Ресей Федерациясы Үкіметі сыйлығының лауреаты, Мәскеу қаласының Гнесиных атындағы музыка академиясының профессоры, Ресей достығы орденімен марапатталған композиторлар одағының мүшесі Александр Андреевич Цыганков, Муров атындағы музыкалық колледждің «Ұлттық аспаптар» пәндік-циклдік комиссия меңгерушісі, Ресейдің Новосібір қаласының облыстық классикалық гитара оқытушыларының басшысы Валерий Владимирович Шадчин, Өзбекстанның Ташкент қаласы А.Успенский атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық академия лицейінің фортепиано оқытушысыРанохон Курбановна Салджанова мастер-кластар өткізді.

Халықаралық конкурс-фестивалінің құрылтайшылары Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешені және «Өнер саласында Еуро-Азиаттық кеңістікті қолдау қоры» болып табылады. Конкурс қатысушыларының өнерін музыканттар мен атақты педагогтар, профессорлар, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Грузия және Түркияның еңбегі сіңген мәдени қайраткерлері құрамындағы қазылар алқасы бағалады.