Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Домбыра шектері Ресей астанасын жаулап алды
27-03-2019 13:04
Домбыра шектері Ресей астанасын жаулап алды

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің оқушылары «Звезды столицы»балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XVIхалықаралық фестиваль-конкурсында сәтті өнер көрсетті және ең жоғары марапаттарды иеленді.

Конкурстың гран-приін Е. Үсеновтің «Кербез сұлу», Құрманғазының «Жима» шығармаларын орындағаны үшін «Серпін» фольклорлық ансамблі иеленді, жетекшісі Гаухар Аргыновна Абжанова. І орынды Әбеновтің «Той бастар» және Әликейдің «Тоқтаған» туындыларын орындаған «Қос ішек» домбыра ансамблі алды, жетекшісі Нурлан Бакытович Кайшанов.

Ансамбльдік орындаулардан басқа жеке дауыста өнер көрсеткен қатысушылар жоғары наградалармен марапатталды. Оқушылар ресейлік жұртшылыққа қазақ музыкасының ұлы мұрасымен таныстырып, ойынның реттілігін, динамиканың маңызды үдемесін көрсетті.

 І орынды Куанышбаева Анель, Марат Айзере, Бақытова Айшат, Музафар Ділнәз (домбра), Сейтказина Аружан (жетиген), Ақан Аружан (кобыз),  II орынды- Хамит Ниязбек, Ермухамбетова Дана (домбра), Исамбаева Тамила (қобыз), III орынды- Караканов Ерсултан, Солтанғали Нұржан, Жакиенова Махаббат (домбыра) иеленді. І дәрежелі дипломмен Гуржий Николай (домра), Нуркен Айша (жетіген) марапатталды.

Фестиваль-конкурс 2019 жылғы наурыздың 23-27 аралығында «Я могу!» мәдени-білім беру жобасы аясында өтті. Балалар мен жасөспірімдер жетістіктерінің халықаралық фестиваль-конкурстар циклі вокал, аспапта орындау, хореография, театр, цирк, көркемдік өнер мен декоративтік-қолданбалы өнер бойынша талантты балалар мен жасөспірімдерді анықтау және марапаттауға бағытталған. Қазылар алқасының құрамында Ресейдің тәжірибелі педагогтары, жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, шығармашылық ұжымдар мен студия басшылары, еңбек сіңірген және халық әртістері, атақты актерлер, режиссерлер, әншілер, композиторлар, мәдениет пен өнерде еңбек сіңірген қызметкерлер жұмыс жасады. 6-18 жас аралығындағы 500 аса бала қатысты.