Телефон доверия
8(7182)300762
Адрес: Республика Казахстан, 140000, г. Павлодар ДМШ ул.Машхур Жусупа, 33; Структурное подразделение ДМШ ул. Камзина, 78; Структурное подразделение ДМШ ул. Бакинская, 4; Структурное подразделение ДМШ с.Кенжеколь, Кенжекольская, 5
300764, 300762, 300761
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Жас музыканттардың көктемгі каникулы
04-04-2019 10:12
Жас музыканттардың көктемгі каникулы

Көктемгі каникул күндері Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің оқушылары облыстық, халықаралық конкурстарға қатысты. Мақсаты – музыкалық, би, аспаптық және театрлық шығармашылықтарын дамыту және қолдау, жақын шетелдермен мәдени байланысты нығайту. Мектептің фортопиано, жеке және ансамбльде ән айту, шекті, ұрмалы-үрлемелі аспаптар, орыс және қазақ халқының аспаптары бөлімдерінің оқушылары лайықты өнер көрсетті және 27 жүлделі орынды иеленді.

Павлодар қаласының К. Әбусеитов атындағы мәдени-бос уақытты ұйымдастыру орталығында балалардың «Dionis»  балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының І халықаралық фестиваль-конкурсына қатысуы ұмытылмас әсер қалдырды.

Конкурстың гран-приі жеке орындаушы  Казангап Самира, Аубакирова Аяулым, Имангулов Аргын, Жанабаева Адия, Садвокасова Асель, Сулейменов Абулхаир, Черных Георгий, Борисов Артем, Каирбек Маржан, вокальдық ансамбль, скрипкашылар ансамблі, домбырашылар триосы иеленді. I орынды жеке орындаушы Жанатбек Зарина, Казамбаев Аскар, Бекімұрат Әділ, Усина Дәния, Шаталова Лада, Богатыренко Милана, Алиясова Сафина, вокальлық трио, II орынды - жеке орындаушы  Аблай Гулдана, Мухаметжанов Дамир, Кумызбек Мадина алды.

Мектеп оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 халықаралық конкурс-фестивалінен лайықты жеңіспен оралды.

«Звезды мира» ІІ халықаралық конкурс-фестивалінің нәтижелері бойынша Жунусова Аделя «Эстрадалық вокал» номинациясында І дәрежелі лауреат атанды. Ол Эд Ширан, Уилл Хикс, Бенжамин Левиннің әні мен музыкасына жазылған «Perfect» туындысын орындады (педагогы Ксения Владимировна Миронец).

«ART PREMIUM» IV халықаралық конкурс-фестивалінде  «Инструменталды жанр: фортепиано» номинациясында Голубев  Михаил ІІ орынды иеленді. Оның орындауында И. Гайднның«Дивертисмент»туындысы шырқалды(педагогы Елена Александровна Попова).

2019 жылғы наурыздың 30-да музыкалық колледжде музыка мектептерінің оқушыларына арналған музыкалық-теориялық пәндер бойынша облыстық конкурс өтті. Конкурстың гран-приін «Мое любимое произведение, как воплощение образа нечести в русской музыке второй половины 19 начало 20 века»презентациясы үшін музыкалық әдебиет бойынша Есимова Жайна (педагогыНаталья Владимировна Землякова),                  I  орынды Халимон Карина 19-20 ғасырлардағы орыс музыкалық әдебиет бойынша викторинасы үшін иеленді(педагогыИрина Владимировна Валеева).