Қазақстан Республикасының балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің музыкалық бөлімдерінің оқушылары арасында «Жас музыкант» республикалық фестиваль-конкурсына Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің 3 оқушысы осындай беделді конкурсқа қатысып, жеңімпаз бен жүлдегер атануға және өзін жоғары кәсіби деңгейде көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Конкурс қорытындылары бойынша орта жас ерекшелік топта (11-13 жас) «Қазақ ұлттық аспаптарында» ойнау бағытында Акказина Айша І орынды иеленді, педагогы Умиткуль Койшибаевна Жумашова (Кенжекөл ауылы). Ол Тәттімбеттің «Былқылдақ», В. Мураделидің «Вокализ», Меццекапоның «Тарантелла» туындыларын қобызда орындады. «Орыс ұлттық аспаптарында» ойнау бағытында Николаев Антон иеленді, педагогы Берик Оралтаевич Жупашев. Ол гитарада М. Каркассидің «Менуэт», Б. Жупашев әрлеген Сегіз Серінің «Ақбақай», Н. Паганинидің Сонатина До мажор, Б. Калатаудтың «Букет Андалузии» туындыларын орындады.
Кіші жас ерекшелік топта (10 жасқа дейін) «Қазақ ұлттық аспаптарында» ойнау бағытында Тлеуов Батырхан ІІІ орынды иеленді, педагогы Гайни Кабдикаримовна Касымбекова. Ол домбырада Е. Үсеновтің «Жігер», Тәттімбеттің «Қосбасар», Р. Омаровтың «Жастық шақ» туындыларын орындады.
Конкурс 2019 жылғы наурыздың 26-29 аралығында Алматы қаласының республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша фестиваль-конкурс балалардың әртүрлі музыкалық аспаптарда орындауын жариялау, эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімге тәрбиелеуге бағытталған. Конкурсқа қазақ және орыс ұлттық аспаптар бөлімдерінде (домбыра, қобыз, қыл қобыз, шертере, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) білім алушылары, облыстық турдан өткен және гран-при мен І орын иеленген қазақ және орыс ұлттық аспаптар ансамбльдер қатысты. Қазақстанның барлық өңірлерінен 400 жеке орындаушы мен 18 ансамбль болды.