Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біздің ауладағы мереке
15-04-2019 08:33
Біздің ауладағы мереке

2019 жылғы сәуірдің 11-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Көрші» облыстық жобасы бастау алды. Мақсаты – тұрғылықты жері бойынша бос уақытты ұйымдастыру, ата-аналарды, балаларды, көршілерді топтастыруға бағытталған. Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің оқушылары, педагогтары № 23 жалпы орта білім беру мектебімен бірлесіп, аталған іс-шараға белсене қатысты. Бакинская көшесі, 4, 2, 6, 8,10, Павлов көшесі, 24,24/1,24/2, Сураганов көшесі, 17 бойынша 3 шағын ауданның тұрғындары жұмылдырылды.

Іс-шараға: концерттік қойылымдар, Алдар-Көсе мен Қорқыт кейіпкерлерінің қатысуы, бұқаралық ұлттық ойындар, спорттық сайыстар, аңыздардың жандануы (домбыра, қобыз, жетіген), жаппай домбыраға үйрету, декоративтік-қолданбалы өнер көрмесі, флеш-моб биі, жинақталған музыкалық ансамбльдер кірді.

Аумақ әртүрлі жоспарлы алаңдарға бөлінді: балалар спорты, интеллектуалдық, сахналық және декоративтік-қолданбалы өнер көрмесі.

Сахналық алаңда жалпы ұлттық салт-дәстүрлерден іс-қимылдарға айналған киіз үйді көрсетті. «Нұрана» мұсылман әйелдер лигасынан шақырылған қонақтар Шашу дәстүрін өткізді және шағын ауданның тұрғындарына баталарын берді, ал өлкетану музейінің қызметкерлері «Киіз басу» ұлттық дәстүрді көрсетуге бастамашы болды. Жас әртістердің орындауындағы жарқын концерттік нөмірлер ешбір жанды бей-жай қалдырмады: көрермендер қосылып бірге ән шырқады, билеп, әртістермен бірге көңіл көтерді.

Спорттық алаңда арқан тарту, қазақтың ұлттық күресі бойынша жарыстар өтті. Зияткерлер үшін қызықты ойындар ұйымдастырылды – тоғыз құмалақ, дойбы, нарды.

Балалар алаңында балалар әндер үйреніп, флеш-мобқа, викториналарға, танымдылық ойындарға қатысты. Жоғары сынып оқушыларына арналған алаңға қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша логикалық тапсырмалар мен сұрақтар, қазақ ұлттық аспаптарында ойнау арқылы музыкалық викториналар кірді.

Бұл мереке ересектер мен балалар жүзіне қуаныш пен күлкі ұялатуы, мейірімді көршілердің жақсы қарым-қатынасын дамытуға сөзсіз көмектеседі. Осындай мерекелерді жиі өткізген жөн, себебі олар өмірді жайдарлы және одан әрі қызықты ете түседі!

Өткізілген мерекеге шағын аудан тұрғындарының жағымды баға бергендері өте қуантады. Педагог-ұйымдастырушыларға айтылған көптеген жылы сөздерді естідік.