Оқу жылын қорытындылау, оны есеп беру концертімен аяқтау Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің педагог ұжымы мен оқушыларының мейірімді дәстүріне айналды. 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған есеп беру концерті өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл әрқашан жарық, жарқын және көңілді күн. Биылғы жылы есеп беру концерті жаңа форматта – қашықтықта өтті.
Оқушылар мен педагогтардың күшімен біздің жас музыканттарымыздың шығармашылық қойылымдары бар бейнефильм дайындалды. «Серпін» фольклорлық ансамблі, жетекшісі Гаухар Аргыновна Абжанова Н.Тілендиевтің «Жекпе жек» туындысын барынша шеберлікпен орындады, жоғары сыныптар хорының орындауында, жетекшісі Ксения Владимировна Миронец, «Счастья тебе, Земля» әні өте салтанатты естілді. Осындай жарқын калейдаскопта барлық музыкалық нөмірлер жан-жақтылығымен және түрлілігімен ерекшеленді: домбыраның терең, ерекше үні нәзік үнді саксофонға ұласты, гитараның тамылжыған үні қобыз бен фортопианода тебіренте орындауымен, балалардың нәзік дауыстары – мықты және ынтымақты хор үнімен үйлесті.
Есеп беру концертінде БММ ұжымы тағы бір рет өзіндік шеберлігін, педагогтардың кәсібилігі мен сауаттылығын және олардың талантты оқушыларының дарындылығын растады. Келесі оқу жылында Балалар музыка мектебі жаңа наградалар мен жеңістерге лайық болып, бізді өзінің қайталанбас және ерекше орындауларымен жас музыканттарды шығаратынына үміттенеміз.